» » Үкімет қашан отставкаға кетеді? Вице-премьер жауап берді

Үкімет қашан отставкаға кетеді? Вице-премьер жауап берді

Премьер министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үкіметтің қашан отставкаға кетеді деген сұраққа жауап берді. Оның сөзіне қарағанда, атқарылып жатқан шаруаларға көңілі толады екен, деп хабарлайды  КТК арнасы.

Тоғжанов
“Жұмыспен қамтуға байланысты жоспардың толық орындалуын көрдіңіздер. Эпидахуалға қатысты жағдайдың бәрін көріп жатсыздар. Сондықтан Құдайға шүкір. Мұны жасалынып жатқан үлкен жұмыстардың нақты нәтижесі деп қарастыру керек. Оның бағасын президент береді, халық береді” – дейді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов. 
Үкіметтің отставкасы туралы өткен аптадан бері айтылып жүр. Мәжілістің отырысынан кейін тілшілер мұны премьер-министр Асқар Мәминнің өзінен сұрап көрмек болған. Алайда Үкімет басшысы қаша жөнелді.
Соңғы кезде атқарушы биліктің жұмысына халықтың көңілі толмайды. Жанармай, азық-түлік пен тұрғын үй құнының тоқтаусыз өсуі қазір өзекті. Ал Мәмин бастаған Министрлер кабинеті мұнымен қалай күреседі, оның барлығы жабулы қазан күйінде. Айта кетейік, қыркүйек айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында өз міндетін орындай алмағандардың орынтағынан кетуін сұраған-ды.
27 қазан 2021 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 298
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 748

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930