» » Әйгілі мультфильм балалар үшін қауіпті деп аталды

Әйгілі мультфильм балалар үшін қауіпті деп аталды

"Пеппа доңызы" мультфильмі балалар мен жасөспірімдердің психикалық тепе-теңдігіне қауіпті. Бұл туралы  бала тәрбиесі мен мінез-құлық жөніндегі кеңесші Софи Джайлз айтты.


Анимациялық фильмдегі балалар әкесімен ауыр үнмен сөйлеседі. Жас көрермендер мұндай мінез-құлық моделін ата-аналарымен қарым-қатынаста қолдануы мүмкін.
Сондай-ақ, Джайлздың айтуынша, "Кішкентай ханшайым" және "Өрт сөндіруші Сэм" секілді мультфильмдерден осындай жағдайды байқауға болады.
Балалардың мінез-құлқы жөніндегі маман балаға мультфильм көрсетпес бұрын бір серияны өзіңіз көруге кеңес берді. 
Бұған дейін қытайлық ата-аналар балалардың "Барбидің арман үйіндегі оқиғалары", "Пеппа доңызы" және "Менің кішкентай пониім: достық бұл - ғажайып" мультфильмдерін қатыгездік пен зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптады.
“Көрші аюлар” қытайлық мультфильміне ата-аналардан ең көп шағым айтты. Басты кейіпкер электрлік араны жиі ұстайды. Оны көрген балалар бұл құралмен басқаларға зиян келтіре бастаған.
Бұған дейін халықаралық зерттеу агенттігі 2021 жылдың тамызындағы жағдай бойынша әлемдегі мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған сұранысы ең көп шоулардың тізімін жасаған болатын. Зерттеулер көрсеткендей, "Маша мен аю" мультфильмі "Пеппа доңызы" және "Сезам көшесі" сияқты шетелдік хиттерден озып кетті. 
17 қазан 2021 ж. 328 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930