» » Қызылорда қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылды

Қызылорда қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылды

Қызылорда қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылды. Салдарынан қатар тұрған екі пәтердің бөлмелері өртеніп,  кіреберіс есіктері зақымдалған, деп хабарлайды Stan.kz


Тұрғындардың  айтуынша, мұны осы үйде тұратын 11 жастағы бала әдейі істеген. 
Үй тұрғыны Сәбит Сүгірәлиевтің айтуынша,  газдың жарылуына көршінің  11 жасар баласы кінәлі. Осыған дейін жеткіншек қайта-қайта  "жарамын" деп өзі айтып жүрген көрінеді. Бірақ оған ешкім құлақ аспаған. Енді соның кесірінен үйімнің күл-талқаны шықты дейді. 
“Көріп жүрміз, бірінші қабатта өрт қойғанды да көргенбіз. Бірінші рет емес бұл, бірнеше рет қайталанып отыр, өрт шығып, аяғы үйі өртенді”, – дейді үйдің тұрғыны Сәбит Сүгірәлиев.
Көршілердің барлығы азар да безер. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық деп шулайды.  
“Сол баланы жедел жәрдемге мінгізген кезде өзі айтқанын естігенмін, мен өртедім, тағы да өртейміз дайындалыңдар деп айтып жатыр ғой. Үкімет анама үй берсін сосын қоямын деп жатыр. Соған дейін өртей беремін, үйде кішкентай баллонмен дәу баллон дайын тұр кез келген уақытта жара саламын деп отыр”, – дейді үй тұрғыны Әсемкүл Мырзаханова.
Ал баланың анасы  көршілерінің бұл сөздерімен  мүлдем келіспейді.  "Үйді ол әдейі өртемейді" дейді.
 “Экспертизаны 2 аптадай істейді деді. Мен баламды жамандап жатқан соң тездетсін деп сұрап жүрмін. Тездетеміз деді Құдай қаласа. 11  жастағы бала ғой. 11 жастағы балада ондай жоқ, әдейі барып бірдеңені өртеу деген”, – дейді баланың анасы.
Пәтер иелер кооперативінің де шыдамы таусылған,  мұндай жағдай қайталанып  отырады дейді төрайым.  
“Қайта-қайта астыңғы этаждар өртенді. Түнгі сағат 2-де, 5-те, күндізде де. Қайта-қайта келеміз баласы астыңғы этаждарды өртеп жатады”, – дейді ПИК төрайымы Ақжарқын Сапарқожаева.   
Бұл жолы газ баллондарының не үшін жарылғанын мамандар қазір анықтап жатыр. Оның нәтижесі алдағы күндері белгілі болады. 
13 қазан 2021 ж. 444 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 353

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 434

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930