» » Мыңдаған баланың өмірін сақтап қалды: Қазақстандық танымал хирург өмірден озды

Мыңдаған баланың өмірін сақтап қалды: Қазақстандық танымал хирург өмірден озды

Танымал балалар хирургі Ахпаров Нұрлан Нұркенұлы өмірден озды. Қоғамда абыройы биік дәрігер коронавирустан көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Бұл туралы дәрігердің әріптесі Риза Боранбаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
“Жауыз вирус біздің ең үздік балалар хирургі Ахпаров Нұрлан Нұркенұлының өмірін қиды... Жақында ғана ол біздің арамызда болды, ең күрделі операцияларды жасады, жас дәрігерлерге сабақ берді, әріптестерімен қалжыңдасып жүр еді, ал бүгін біз үшін бұл қайғылы хабарды қабылдау өте қиын.
Бұл тек біз үшін ғана емес, барлық Қазақстан үшін орны толмас қайғы. Үздік балалар хирургі, Ормантаев Камал Сәруәрұлының сүйікті шәкірті еді, республиканың түкпір-түкпірінен ауыр науқастар бізге хирургия бөліміне Ахпаровты іздеп келетін”, – дейді Риза Боранбаева.
Осы жылдар ішінде Нұрлан Нұркенұлы мыңдаған баланың өмірін сақтап қалған.
“Әрқашан позитивті, әзілмен, клиникалық және ғылыми қызметте белсенді еді. Оның қатты ауырып немесе ауруханаға жатқаны есімде жоқ, ол педиатриялық қызмет үшін әлі де көп нәрсе істей алар еді”, – деп жазды Риза Боранбаева.
10 қазан 2021 ж. 331 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930