» » Зейнетақы жинағын алушыларға жаңа қызмет іске қосылды

Зейнетақы жинағын алушыларға жаңа қызмет іске қосылды

Енді зейнетақы қорында кемінде бес жыл жатқан ерікті зейнетақы жарналарынан төлем алу үшін enpf.kz сайты арқылы өтініш беруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Онлайн қызмет салымшылардың уақытын үнемдеу және оларға ыңғайлы болу үшін іске қосылды.
Енді шотында кемінде бес жыл жатқан ерікті зейнетақы жарнасы бар қазақстандықтар БЖЗҚ корпоративтік сайтындағы жеке кабинет арқылы зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініш бере алады.
Төлем міндетті зейнетақы жарнасы және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен: мерзімсіз 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға беріледі.
Ал ерікті зейнетақы жарнасы – 50 жасқа толған адамдарға, мүгедектігі бар тұлғаларға, БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарнасы мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасы шегінде кемінде 5 жыл зейнетақы жинағы бар адамдарға беріледі. 
Өтініш беру үшін салымшының электронды цифрлық қолтаңбасы болуы керек.
enpf.kz сайтындағы "Электронды қызметтер" бөліміндегі "Менің төлемдер / аударымдар бойынша өтініштерім" қызметін пайдалана отырып, өтініштің орындалу статусын бақылауға болады.
2021 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 2,8 мыңға жуық салымшы БЖЗҚ кеңселеріне барып өтініш беру арқылы ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемін алу құқығын пайдаланды.
Айта кетсек, 2021 жылдың 1 мамырынан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін шоттар автоматты түрде ашылады. Жеке зейнетақы шоттарын ашуға БЖЗҚ-ға түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы негіз болады. Яғни салымшыға кеңсеге барудың қажеті жоқ. 
23 тамыз 2021 ж. 626 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 208

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 149

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 318

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930