» » Қазақстанда вакцинация төлқұжатын қалай алуға болады - Нұсқаулық

Қазақстанда вакцинация төлқұжатын қалай алуға болады - Нұсқаулық

Қазақстандықтар үшін вакцинация төлқұжаты қағаз және электронды нұсқада қолжетімді. Вакцинация паспортын қалай алуға болады – біздің нұсқаулықты оқи отырыңыздар.

Вакцинацияның қағаз нұсқасындағы төлқұжаты → "Вакцинацияның бірыңғай базасы" арқылы беріледі. Тіркелген медициналық ұйымына қарамастан, кез-келген вакцинация пунктінде немесе емханада қағаз төлқұжатын ала аласыз. Қағаз паспортта QR-код бар, оны сұраныс орны бойынша кіре берісте сканерлеуге болады.
Екпенің электронды төлқұжаты Egov mobile қосымшасында қолжетімді.
Egov mobile қосымшасын App Store немесе Google Play Market-тен жүктеуге болады.
Қосымшаға ЭЦҚ көмегімен кіруге болады, бірақ СМС-кодты пайдалана отырып, авторлану ыңғайлы.
Ол үшін ЖСН мен телефон нөмірін енгізу керек. Егер сіз мобильді азаматтардың деректер базасында тіркелген болсаңыз, онда сізге енгізу қажет коды бар СМС-хабарлама келеді.
вакцинация паспортын қалай алуға болады
Вакцинация төлқұжатын табу үшін "Сервистер" бөліміне кіріп, "Цифрлық құжаттар"бөлімін табу керек.
вакцинация паспортын қалай алуға болады
Цифрлық құжаттар тізімінде вакцинация төлқұжаты бар. Ол үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Вакцинация төлқұжатында ЖСН нөмірі, туған күні, төлқұжат нөмірі, вакцинаның атауы, вакцинациялау күні мен орны көрсетіледі.
вакцинация паспортын қалай алуға болады
Төлқұжатты смартфонға жоғарғы оң жақ бұрыштағы жүктеу белгішесін басу арқылы жүктеуге болады.
Қажет болған жағдайда экранға QR-код шығарылады – құжаттың заңдылығын растау үшін оны сұраушы тарапқа көрсетуге болады.
02 шілде 2021 ж. 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 216

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 324

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930