Қазақстанда вакцинация төлқұжатын қалай алуға болады - Нұсқаулық
Қазақстандықтар үшін вакцинация төлқұжаты қағаз және электронды нұсқада қолжетімді. Вакцинация паспортын қалай алуға болады – біздің нұсқаулықты оқи отырыңыздар.
Екпенің электронды төлқұжаты Egov mobile қосымшасында қолжетімді.
Egov mobile қосымшасын App Store немесе Google Play Market-тен жүктеуге болады.
Қосымшаға ЭЦҚ көмегімен кіруге болады, бірақ СМС-кодты пайдалана отырып, авторлану ыңғайлы.
Ол үшін ЖСН мен телефон нөмірін енгізу керек. Егер сіз мобильді азаматтардың деректер базасында тіркелген болсаңыз, онда сізге енгізу қажет коды бар СМС-хабарлама келеді.

Вакцинация төлқұжатын табу үшін "Сервистер" бөліміне кіріп, "Цифрлық құжаттар"бөлімін табу керек.

Цифрлық құжаттар тізімінде вакцинация төлқұжаты бар. Ол үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Вакцинация төлқұжатында ЖСН нөмірі, туған күні, төлқұжат нөмірі, вакцинаның атауы, вакцинациялау күні мен орны көрсетіледі.

Төлқұжатты смартфонға жоғарғы оң жақ бұрыштағы жүктеу белгішесін басу арқылы жүктеуге болады.
Қажет болған жағдайда экранға QR-код шығарылады – құжаттың заңдылығын растау үшін оны сұраушы тарапқа көрсетуге болады.