» » Қазақтар Ресей жерін Наполеоннан қорғап қалған ба? Қазақстандық тарихшылар жауап берді

Қазақтар Ресей жерін Наполеоннан қорғап қалған ба? Қазақстандық тарихшылар жауап берді

Желіде қазақтар XIX ғасырда Ресейді Наполеон жорығынан қорғап қалғаны жайлы ақпарат тарады. Қазақтардың 100 мың қол әскері башқұрттармен бірігіп Ресейді қорғап, жерін сақтап қалған дейді. Бұл жайлы деректер Францияның архивтерінен табылыпты-мыс. Тарихи шындық қандай? 1812 жылы Франциядағы бірқатар қалалар түбіндегі шайқаста қазақтардың рөлі қандай болды? Stan.kz тілшісі тарихшылардан сұрады. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Ауған соғысының ардагері Болат Сайлан Ресей империясының әскерінің құрамында қазақтардың қатысқанын ешкім жоққа шығара алмайтынын айтады.
“1812 жылы Наполеон Ресейге басып кірді. Сол кезде патша үкіметі Ресейді қорғау туралы жарлығын шығарып, үндеу жариялайды. Осы үндеу аясында қазақтардың да соғысқа қатысқаны жасырын емес. 1812 жылы тарихта Отан соғысы деп аталады. Ресей империясының әскерінің құрамында қазақтардың қатысқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Өйткені қазақтар өздерінің атынан емес, Орынбор, Башқұрт, Тептяр полктері атынан қатысады. Әсіресе, Орынбор өлкесінен жасақталған полктер құрамында қазақтардың басым болғаны рас. Тарихшы ретінде бұл соғыста 100 мыңнан аса қазақ қатысқан деп айта алмаймын. Дегенмен, Орынбор өлкесінде 5 полк, Жайық казактары, Башқұрт полктерінде жасақталған, Тептярлардың құрамында қазақтардың болғанын растай аламыз”, – дейді тарихшы. 
Айтуынша, соғысқа нақты қанша адамның қатысқанын зерттеу керек. 
“Цифрға назар аударсақ, 100 мыңға жетеді деп айту қиын. Мәскеуді Кутов қорғап қалды ма деген сұраққа келетін болсақ, қалай болғанда да Ресейдің жерін қорғап, сақтауға қазақтардың үлес қосқанын жасыра алмаймыз. Екінші жағынан, Александр I патшаның Кутозовты басшы еткені рас. Ол осы соғыста қолбасшылық еткен, тарихта қалған адам. 
Соғысқа қанша адам қатысқанын нақтылау үшін толығырақ зерттелу керек. Францияда құжаттар табылып жатса, оны да жіті қарап, зерттеу керек. Сөйтіп деректер мен құжаттар жүзінде қанша қазақтың қатысқанын айтуға мүмкіндік болады деп ойлаймын”, – дейді ол. 
Орынбор полкінің құрамында соғысқа қатысқан қазақтардың, Кутузовтың өзінің қолынан, патша үкіметі тарапынан марапаттар, наградалар алғаны жазылды, дейді Болат Сайлан.
“Ең басты нәрсе, қазақтардың шын мәнінде патша үкіметінің, Ресейге Наполеонды жеңуіне көмектескенін, әскер құрамында болғанын біз нақты айта аламыз. Орынбор полкінің құрамында соғысқа қатысқан қазақтардың, Кутузовтың өзінің қолынан, патша үкіметі тарапынан марапаттар, наградалар алғаны жазылды. Олардың кейбірінің аты-жөні де белгілі. Сондықтан Наполеон армиясын жеңуде қазақтардың алдыңғы шепте соғысқанын, соғыста қайсарлығын танытқанын осы наградалар арқылы көз жеткізіп жүрміз. 
Қазақ-башқұрт атты әскерінің саны әр деректе әртүрлі: кейде 30, кейде 40 делінеді. Егер әр полкте 1000-2000-ға дейін әскер саны болатын болса, 40 атты әскер құрылғанның өзінде оның саны 80 мыңға жетеді. Полктің санын, ондағы адам саны арқылы бұл шайқаста қаншама қазақ атты әскері болғанын анықтай аламыз”, – дейді тарихшы. 
Н.К. Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институты қоғамтану және әдістемелік жұмыс тарихының оқытушысы, профессор Амантай Исаев мұндай “деректер” қазақстандық тарих ғылымының абыройын түсіру үшін жасалады, дейді.
“Мұндай алып-қашпа әңгімелердің жалған екенін тарихшылар талай айтқан. Қазақстан тарих ғылымының беделін түсіру мақсатында сырт күштер жиі-жиі сандырақ тұжырымдарды ғылыми жаңалық ретінде ұсынуды ойластырып келеді.
1812 -1815 жылдардағы соғысқа қатысқан аздаған қазақтар туралы 8-сыныпқа арналған мектеп оқулығында баяғыда  жазылған. Есімдері де сонда”, – дейді тарихшы.
М. Қозыбаев Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Тарих және әлеуметтік-саяси зерттеулер ғылыми орталығы профессоры Мұхтарбек Каримов ақпараттың жалған екенін, жарты жылдан бері ел арасында айтылып жүргенін жеткізді. 
Айтуынша, жалған тарих болмау керек. Егер бізде сондай жасақталған әскер болса, Ресейге жерімізді бермес едік, дейді тарихшы.
“Шынында Ресей Қазақстанды 19-ғасырдың 20-жылдарына қарай аяқталды. Егер бізде сондай жасақталған әскер болса, Ресейге жерімізді бермес едік. Башқұрттармен қарым-қатынас нашар еді, оның алдында Пугачев көтерілісі болды. 
Жауынгерлік дәстүр жақсы сақталғаны рас. Наполеонмен соғысқа қазақтар әскер алынғанда: тұрақты әскер және жасақшылардан қалмақ, башқұрттардан құралған әсер болған. Соның ішінде қазақтар да болған. 100, 500 адам қатысқан болуы мүмкін. Бірақ мың атты қолдың қатысуы мүмкін емес. Ол кезде қазақтың 90 мың әскер беретіндей шамасы жоқ ед”, – дейді профессор. 
Айта кетейік, 1812 жылғы қыркүйек айындағы Бородино шайқасында көрсеткен ерлігі үшін қазақ жауынгерлері Әмен Байбатырұлы, Майлыбаев күміс медальмен, 1-тептяр полкінің старшыны Қарынбай Зиндәуітов (Шындәулетов) көгілдір ленталы медальмен марапатталған.
1812 жылғы 27 шілде күні Малаево Болото және Левия деревнялары түбінде болған ұрыстарда қатардағы жауынгер қазақтар Мұрат Құлшоранов, Еріш Азаматов айрықша көзге түсті, оларға хорунжий атағы берілді. Рамоново деген жерде болған шайқаста атты әскер жауынгер Боранбай Шуашбаев, жасауыл Ықсан Әубәкіров ерлікпен шайқасты.
1812 жылғы соғыстың басты оқиғаларында белсене қатысқан қазақтардың арасында шоқынған қазақ Яков Беляков та болды. Орынбор қазақ полкінің жасауылы Яков Беляков одан бұрындары түріктерге қарсы соғысқа да қатысқан болатын. Ол ерлігі үшін орыс қолбасшысы М.И. Кутузовтың қолынан награда да алды. 
23 маусым 2021 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031