» » Қызылордада коронавирусқа шалдыққан науқастардың 96 проценті жазылып шықты

Қызылордада коронавирусқа шалдыққан науқастардың 96 проценті жазылып шықты

Қызылорда облысында коронавирусқа шалдыққан науқастардың 96 проценті жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Коронавирус пен пневмониядан 18 адам көз жұмды Қызылорда облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді. Өңір коронавирус ахуалын бағалау матрицасында «жасыл» аймақта тұр. Айта кетейік, 2020 жылдан бері коронавирус инфекциясына 6 666 адам шалдыққан. Олардың арасында Қызылорда қаласында - 3 942 науқас анықталса, аудандар бойынша Аралда - 249, Қазалыда - 322, Қармақшыда - 322, Жалағашта - 215, Сырдарияда - 414, Шиеліде - 509, Жаңақорғанда - 693 адам індет жұқтырған. «Қазіргі дейін өңірде коронавирус инфекциясынан 16 адам көз жұмған. Олардың 9-ы Қызылорда қаласында тіркелсе, қалғаны аудандардың үлесіне тиеді. Биыл өңірде 3 274 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Өткен тәулікте облыста олардың қатарына тағы сегіз адам қосылса, 36 науқас емделіп шықты. Былтырдан бері коронавирусқа шалдыққан адамдардың 96% жазылып шыққан», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. Еске салсақ, Қызылорда облысында 90 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

09 маусым 2021 ж. 484 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031