» » Нұр-Сұлтанда алып жұмыртқалар көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтанда алып жұмыртқалар көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтандағы алғашқы Пасха фестивалі аясында Успен соборы аумағында сәндік Пасха жұмыртқаларының көрмесі ашылды.

Қазақстан астанасындағы алғашқы Пасха хоры фестивалі 19-21 мамыр аралығында өтті. Онда концерттік бағдарламалар ғана емес, сонымен қатар тақырыптық кинолекциялар, сондай-ақ боялған алып Пасха жұмыртқалары көрмесі ұйымдастырылды.
"Бұл экспозиция ерекше, өйткені мұндай көрме Қазақстанда бұған дейін өтпеген. Пасха жұмыртқаларын бояуға кәсіби шеберлер де, жас суретшілер де қатысты. Беларусь елшілігі, Қазақстан қолөнершілер одағы (Қарағанды қаласы), Тараз қаласындағы "Жамбыл Дарыны" білім беру орталығы, Русский дом жанындағы "Умники" клубы, Успен соборының жексенбілік мектебі пасха жұмыртқаларын көрмеге қойды", - деді Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтандағы Русский дом мәдени-ағарту жобаларының жетекшісі Ольга Скальчук.
Пасха жұмыртқаларының әрқайсысы ерекше және өзіндік стильде жасалған. Мәселен, Беларусь елшілігі сәндік Пасха жұмыртқасын жасады, одан ұлттық мәдениеттің элементтерін көруге болады.
Бірегей экспозиция Қазақ ұлттық өнер университеті, Россотрудничество өкілдігіжәне Орыс православие шіркеуінің қазақстандық митрополиттік округі ұйымдастырған елордадағы бірінші Пасха хоры фестивалі аясында жұрт назарына ұсынылды.
Фестиваль Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және князь Александр Невскийдің 800 жылдығына арналған.




23 мамыр 2021 ж. 343 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 249
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031