» » Еліміздің ЖОО-ы неліктен лицензиясынан айырылып жатыр?

Еліміздің ЖОО-ы неліктен лицензиясынан айырылып жатыр?

Өткен жылдан бастап 38 жоғары оқу орны бейінді емес бағыттар бойынша 150-ден астам лицензияға қосымшадан айырылды. Бұл туралы ҚР БҒМ баспасөз қызметі хабарлады.

Тағы төрт университет биыл оқу жылы аяқталғаннан кейін 14 бағыт бойынша лицензияларын қайтарады. ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жоғары оқу орындарын бейіндеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін бағыттар бойынша лицензияларға қосымшаларды мемлекеттік жоғары оқу орындары да, жекеменшік білім ордалары да қайтарады.
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті жоғары оқу орындарында сұранысқа ие емес лицензиялар бойынша мониторинг жүргізді. Кейбір университетте 1-4-курстарда барлығы 10-15 студент немесе әр курста 3-4 адамнан оқитын бағыттар бар екенін көрдік. Мысалы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде бакалавриаттың «мал шаруашылығы», «су ресурстары» және «суды пайдалану» бағыттары бойынша білім алатын студенттердің саны аз. Аталған мамандықтар бойынша тек 10-18 адам оқиды. Мұндай жағдай басқа да университеттерде кездеседі. Жоғары оқу орындары қолданыстағы лицензиялар бойынша ревизия жүргізеді және директорлар кеңесінің отырысында кадрларды даярлаудың бейінді емес бағыттары бойынша лицензияларды қайтару туралы шешім қабылдайды, – деді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарды күшейтуді тапсырған болатын. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарын кезең-кезеңмен профильдеу мен жоғары білімнің сапасын арттыруды қамтамасыз етуді жүктеді.
baq.kz
21 мамыр 2021 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 371
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 147

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930