» » Білім ұйымдарында қауіпсіздік шарасы күшейтіледі

Білім ұйымдарында қауіпсіздік шарасы күшейтіледі

Бүгінде облыстағы 304 мектептің 302-і және 30 колледждің барлығы 4828 бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Оның 3134-і ғимарат ішіне, 1694-і сыртына орнатылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев мәлімдеді.
Қаладағы 14 мектептің 420 бейнебақылау камерасы Жедел басқару орталығына, аудандардағы 56 мектептің 594 камерасы кезекші бөлімдердегі жүйеге қосылған. Қалған орта мектептердің бейнебақылау камераларын полиция органдарына қосу мәселесі қаралуда.

- Мемлекеттік органдармен бірлесіп әрбір білім беру ұйымдарында орнатылған бейнебақылау камераларының стандартқа сәйкес келуі, дабыл қондырғысы, металл іздегіш болуы, жеке күзет мекемелерімен келісім-шартқа отырғандығы жөніндегі мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тек полиция күшімен кәмелеттік жасқа толмағандардың және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды тыю мүмкін емес. Сондықтан, бала тәрбиесіне мүдделі органдармен бірігіп балалар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу оң нәтиже беретіні анық. Беймезгіл уақытта балаларыңыздың ойын алаңдарында, көпқабатты үй аулаларында, көшелерде және басқа да орындарда жалғыз жүруіне жол бермеңіздер, - деді ОПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев.

Биыл 25 мамырда Соңғы қоңырау кешін өткізуге рұқсат етілді. Осыған орай, оқушылардың қауіпсіздігін полиция қызметкерлері қатаң бақылайтын болады. Орталық алаң, парк, көшелерге потрульдік қызметкерлер рейдке шығады. Егер кортежге шыққан, жиын ұйымдастырылған дерек анықталса, қатаң түрде жазаланады.

19 мамыр 2021 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930