» » Екі вакцина дозасының арасындағы уақыт неге ұзартылды?

Екі вакцина дозасының арасындағы уақыт неге ұзартылды?

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов Sputnik V вакцинасының екі дозасы арасындағы вакцинациялау мерзімі неге 90 күнге дейін ұлғайтылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Ерлан Қиясовтың айтуынша, вакцинация кестесі ресейлік профессор, академик және Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің 22 сәуірдегі ресми мәлімдемесі негізінде өзгертілген.
«Осы мәлімдемеге сәйкес, Sputnik V вакцинасының бірінші және екінші компоненттерін инъекциялау аралығын 21 күннен 90 күнге дейін ұлғайтуға болады. Аралықтың жоғарылауы иммунитеттің күшіне әсер етпейді. Бұл халықтың иммунизациясын едәуір жеделдетеді. Кейбір адамдар үшін екі доза арасының ұзаруы иммундық жауаптың күші мен ұзақтығын арттыру мүмкін», – деді Қиясов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта вирустың жаңа мутацияларының ықтималдығын барынша азайту үшін коронавирустың халық арасында айналымын азайту бойынша шаралар қабылдануда.
«Осыған байланысты, вакцина жасаушының жоғарыда айтылған мәлімдемесі негізінде денсаулық сақтау министрлігі Sputnik V вакцинасының екі компоненті арасындағы аралықты ұзартуға және 45-ші күні екінші компонентпен егуге шешім қабылдады. Сондықтан 30 сәуірде Sputnik V вакцинациясының кестесіне өзгерістер енгізілді. Бұл жағдайда осы вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін енгізу аралығы 45 күн болуы керек. Егер 45-ші күні екінші компонентпен вакцинациялау мүмкін болмаса, 90 күн ішінде екінші дозаны салуға рұқсат етіледі», – деп толықтырды елдің бас дәрігері.

02 мамыр 2021 ж. 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 608
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 384

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031