» » Қызылордада екі адамнан Конго-қырым безгегі анықталды

Қызылордада екі адамнан Конго-қырым безгегі анықталды

Қызылорда облысында осы айда екі адамнан Конго-қырым геморрагиялық қызбасы анықталды.


Қазір олардың жағдайлары бірқалыпты, жұқпалы аурулар бөлімінде ем алуда. Екі дерек те Шиелі ауданынан тіркеліп отыр.

Жалпы облыста 113 елді мекен қолайсыз деп танылды. Бұл елді мекендерді залалсыздандыруға бюджеттен қаржы қарастырылған.

«Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге мердігерлер белгіленді. Яғни 567 318 мал басы, 33385 қора, суаттар көктем және күзде залалсыздандырылады.
Қазір Шиелі, Жаңақорған аудандарында І-ші кезең аяқталып, ІІ-ші кезең жүргізілуде. Жалағаш пен Сырдария аудандарында І-ші кезең басталды», деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқарма басшысының орынбасары Бағдат Әлиев.
Облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова кененің шағуынан болатын ауруды болдырмау бағытындағы жұмыстарды саралап, жәндік шаққан жағдайда бірден тұрғылықты жердегі медициналық пунктке жүгініп, қажетті ем-дом шараларын алу керектігін атап өтті.

01 мамыр 2021 ж. 422 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031