» » Сәуірде 1 миллионнан астам азамат вакциналанатын болады

Сәуірде 1 миллионнан астам азамат вакциналанатын болады

Сәуір айында Қазақстанда 1 млн астам азаматты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жоспарлануда. Республика бойынша халықты КВИ-ге қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау жалғасуда. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәліметінше, бүгінгі күні еліміздің өңірлеріне 145 мың доза вакцина жеткізілді, ал ағымдағы жылғы наурыздың соңына дейін  қосымша 150 мың дозаны жеткізу күтілуде. «2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша 100 мыңнан астам адам егілді, оның ішінде 63 мыңнан астам медицина қызметкері, 22 мың педагог, күш құрылымдарының 7 мың қызметкері, 8 мың – азаматтардың басқа санаттары. Иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің ауыр жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл ретте егілген адамдардың 1%-інде күтілетін реакциялар, мысалы, дене температурасы көтерілген тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сондай-ақ вакцина енгізілген жердің ісінуі және қызаруы түріндегі жергілікті көріністер тіркелуде. Халықты одан әрі иммундау мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында 1 млн астам азамат вакцинацияланатын болады. Осыған байланысты созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарын қоса алғанда, вакцинациялауға жататын халық топтарын кеңейту көзделуде. Вакцинация КВИ-мен күресудегі ең тиімді шара болып табылады», – дейді Цой.
 24.kz
22 наурыз 2021 ж. 333 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

22 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 257
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031