» » Дәріханаларға GXP фармацевтикалық стандарттары енгізіледі

Дәріханаларға GXP фармацевтикалық стандарттары енгізіледі

Облыстағы дәріханаларға GXP фармацевтикалық стандарттарының ендірілуі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жүйе фармацевтикалық препараттардың өндірісіне, сақталуы, тасымалдануы мен өткізілуіне қойылатын талаптарды белгілейді. Бастысы, халық қауіпсіз және тиімді дәрілермен кепілді қамтамасыз етілетін болады.
Қазіргі таңда облыста GDP (тиісті дистрибьюторлық практика) сертификаты бар 4 дәріханалық қойма және GРP (тиісті дәріханалық практика) сертификаты бар 16 дәріхана жұмыс істеуде.
– Биыл «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС айналым қаражатымен 1% мөлшерлемемен 1 жыл мерзімге 17 фармацевтикалық ұйымға барлығы 281,2 млн теңге бөлінді. Бұл ұйымдардың 9-ы Қызылорда қаласында, қалған 8-і аудандарда (Аралда – 3, Қазалыда – 1, Сырдарияда – 1 , Шиеліде – 2, Жаңақорғанда – 1) орналасқан. Бүгінде осы бөлінген қаржыдан жалпы сомасы 237,4 млн. теңгеге ыстықты түсіретін антибиотиктер, вирусқа қарсы иммуностимулияторлар, медициналық бұйымдар, иньекциялық және гормондық препараттардың 5,7 млн астам қорабы сатып алынды. Қалған 43,8 млн теңгені құрайтын дәрілік заттар енді жеткізілмек, – деді облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нұрсұлтан Ермекбаев.
Айта кетейік, бүгінде облыста 277 – дәріхана; 40 – дәріхана қоймасы; 1 – медициналық бұйымдар қоймасы; 58 – дәріхана пункттері; 2 – дәріхана дүңгіршегі; 15 – оптика дүкені бар.
16 ақпан 2021 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031