» » Дәрі-дәрмекке қатысты 43 әкімшілік іс қозғалды

Дәрі-дәрмекке қатысты 43 әкімшілік іс қозғалды


Қызылорда облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлері және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құрылған мониторингтік топ ағымдағы жылдың 08 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін қаладағы 9 емхана, 122 дәріхана мен «СҚ-Фармация» ЖШС-нің дәріханалық қоймасына мониторинг жүргізді.
Қалалық емханаларда пневмония, жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының жіті респираторлық аурулары бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде берілетін дәрілік заттардың қоры мен олардың пациенттерге берілу жағдайымен танысты.
Барлық дәріханада жоғарыда аталған нозологиялар бойынша балаларға берілетін дәрі-дәрмектер қоры жеткілікті екені анықталды. Алайда ересектерге берілетін дәрілік заттар кей емханаларда тапшы болғанымен, «СҚ-Фармация» арқылы қосымша тапсырыстар жасалып, дәрілік заттарды жеткізу жоспарланған. Емханаға келе алмайтын, үй жағдайында емделіп жатқан пациенттерге тегін дәрі-дәрмектерді жеткізіп беру үшін емханалар жанынан арнайы мобильдік бригадалар ұйымдастырылған. Бүгінгі күні емханалар мен ауруханаларда тегін берілетін дәрі-дәрмектердің бір айлық қорын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша 328 дәріхана, дәріхана пункттері фармацевтикалық қызметпен айналысады. Оның 178-і Қызылорда қаласында орналасқан. Мониторинг барысында дәріханалардағы ыстықты төмендететін, вирусқа қарсы, антибактериалды дәрілік заттардың сатылымдағы қоры мен шекті бөлшек саудадағы бағаларының сақталуына назар аударылды.
Жұмысшы топтың алғашқы күндеріндегі мәлімет бойынша дәріханалардың жоғарыда аталған дәрілермен қамтамасыз етілуі 83,6% құраса, мониторинг жүргізудің 17-күнінде бұл көрсеткіш 97,7%-ке дейін көтерілді. Яғни сұраныстағы препараттармен қамтамасыз ету жағдайы жақсарды. Бастапқыда болмаған ыстықты түсіретін, вирусқа және микробқа қарсы препараттар күн сайын барлық дәріханаға түсе бастады.
Бұдан бөлек, «Чингиз» ЖШС-нің дәріханалық желісіне бір реттік әкелу тәртібі бойынша көп мөлшерде сұранысқа ие дәрілер (парацетамол, амброксол, эуфиллин, дексаметазон, гепарин, левофлоксацин, офлоксацин, метронидазол) жеткізілді.
Дәрі тапшылығы қатты сезілген маусым-шілде айларында халық сұранысын қанағаттандыру, дәріханалардағы кезектерді азайту мақсатында Қызылорда қаласында – 5, Арал ауданында – 1, Қармақшы ауданында – 1, Қазалы ауданында – 1, Жаңақорған ауданында – 1 дәріхана жаңадан іске қосылды.
Мониторинг басталған кезеңмен салыстырғанда қазіргі таңда дәрі-дәрмекке қатысты дүрлікпе басылған, дәріханалар алдындағы ұзын-сонар кезектер жойылды.
Мониторинг жүргізу барысында бірқатар заңбұзушылықтар да орын алды. Атап айтқанда, қаладағы 3 дәріхана дәрілік затты бекітілген шекті бағасынан асырып сатқан. Атап айтқанда 2827,9 теңге тұратын «Хилак форте» дәрілік заты 300 теңгеге сатса, 2142,82 теңге тұратын «Линекс» №16 дәрісі 2310 теңгеден сатылған. Сол сияқты 4143,7 теңге тұратын «Линекс» №32 дәрісі 4595 теңгеден сатылған. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне осы заңбұзушылықтары үшін ӘҚБтК 426-бабының 1-бөлігі 541 710 теңгеге айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, Қызылорда облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті құқық қорғау органдарынан келіп түскен материалдар бойынша 40 әкімшілік іс қозғалып, 6 материал әкімшілік сотқа жолданды. Оның ішінде фармацевтикалық қызметке рұқсат құжатынсыз дәрілік затты сату, Қазақстан Республикасында тіркелмеген және медициналық мақсатта қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік затты сату дерегі бойынша жеке тұлғаларға қатысты 14 іс қозғалып, 118 065 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар дәрілік затты шекті бағадан асырып сату фактісі бойынша 27 шағын кәсіпкерлік субъектісі кінәлі деп танылды. Аталған деректер бойынша Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен 4 041 990 теңге көлемінде айыппұл салынды Заңбұзушылықтардың басым бөлігі - 16 іс Қызылорда қаласында орын алды, одан кейін Аралда-6, Қазалы мен Жаңақорғанда 5-ден, Шиеліде-4, Байқоңыр, Сырдария, Жалағаш мен Қармақшыдан 1-ден орын алды.

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті


29 шілде 2020 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031