Асқар Мамин екі жылдық қызметінде қандай жұмыстар атқарды?
Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстанның премьер-министрі қызметінде 2019 жылдың 25 ақпанынан 2021 жылдың 15 қаңтарға дейін болып, қызметіне қайта тағайындалды. Осы уақыт аралығында үкімет басшысы ретінде оның қандай жұмыстар атқарға туралы Stan.kz жазады.
Маминнің тағайындалуы аяқасты елді таңғалдырған жайт болған жоқ. Оған дейін Асқар Мамин премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың бірінші орынбасары қызметінде болды. Жаңа үкімет құрылған соң бір айдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кетті. Оның орнына келген Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет құрамын сақтап, президенттердің ауысуы үкіметтің де ауысу қажеттілігін білдірмейтінін айтты.
Монтаждаушыдан премьер-министрге дейін
Экс-премьер-министр Целиноград қаласынының тумасы. Целиноград инженер құрылысы институтын, Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын құрылыста монтаждаушы болып бастаған.
1996–2008 жылдар аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, көлік және коммуникациялар вице-министрі, индустрия және сауда бірінші вице-министрі, көлік және коммуникациялар министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2008 жылғы сәуірден бастап "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының президенті. 2016 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары. 2019 жылғы 25 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен ҚР премьер-министрі болып тағайындалды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен, екінші дәрежелі «Барыс» орденімен, Әулие князь Мәскеулік Даниилдің үшінші деңгейлі орденімен, Француз Республикасының Құрметті Легионы және Латвия Республикасының «Таным кресті» екінші деңгейлі орденімен, Испания Корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші деңгейлі орденімен марапатталған. Астана қаласының құрметті азаматы, Құрметті теміржолшы, Қазақстанның құрметті құрылысшысы.
Министрлерді қазақша сөйлеткен
2019 жылдың наурыз айында Асқар Мамин алғашқы үкімет отырыстарының бірін мемлекеттік тілде жүргізеді. Министрлердің бәрі қазақ тілінде баяндама оқиды. Орыстілді шенеунік, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов те баяндаманы қазақ тілінде оқиды. Үкімет басшысының өзі қазақ тілінде еркін сөйлей алмаса да, тілін сындырып, отырыстарды барынша мемлекеттік тілде жүргізуге тырысады.
Желі қолданушылары онлайн түрде өткен үкімет отырысына қатысты оң пікірін білдірген болатын.
Экспорт мен импорт: Сауда қауіпсіздігі мен көлік дөңгелектерін шығаратын зауыт
Шілде айында премьер-министр Асқар Мамин "Ұлттық режимнен босатуды қалыптастыру" туралы шетелден елімізге кіргізуге болмайтын тауарлар тізіміне қол қойды.
Құжат бойынша «CT-KZ» түріндегі мемлекеттік сертификаты бар болатын болса, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына саудаға қатысуға рұқсат етіледі. Бұл тізімге адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және басқа да автомобильдер (автобус пен тролейбустардан басқа), жүк-жолаушылар фургондары мен жарыс вагондары, электр трансформаторлары, индукторлар және тұндырғыштар, оқшауланған сымдар, кабельдер және басқа оқшауланған электр өткізгіштер, соның ішінде талшықты оптика кіргізілген. Құқықтық акт елдің ішкі саудасын қауіпсіздікте сақтау мен экономиканы дамыту мақсатында жасалды делінді.
Қараша айында Асқар Мамин "Татнефть" компаниясының бас директоры Наиль Магановпен автокөлік дөңгелектерін шығаратын зауыт салу туралы келісімге келді.
Қазақстан үкіметінің басшысы ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті дамыту үшін елімізде көлік дөңгелектері зауытын салудың маңыздылығын атап өтті.
Зауыт жобасы жылына 3 млн жеңіл көліктің дөңгелектері, сондай-ақ, коммерциялық техника мен автобустарға арналған 500 мың шина шығаруға есептелген. Зауытта 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 20,5 миллиард рубльді құрайды.
2020 жылдың басында қазақстандық премьер-министр Ресейде жаңа тағайындалған әріптесі Михаил Мишустинмен кездесті. Ресей мен Қазақстанның премьер-министрлері өнеркәсіптік, энергетикалық, әскери-техникалық, ғарыштық, су және табиғат қорғау салаларындағы екіжақты серіктестікті талқылады.
Зейнеткерлік жасты көтеруді ұсынды
Асқар Мамин зейнеткерлік жасты төмендетуге ұсынған депутаттарға қарсы шықты. Ол керісінше, зейнет жасын көтеруге қатысты бастама жасады.
"Қазіргі экономикалық жағдайды, халықаралық тәжірибені, экономикалық және демографиялық факторларға негізделген ұзақмерзімді актуарлық болжамдарды ескере отырып, зейнеткерлік жасты ұлғайту қажеттілік болып табылады", - деді Мамин.
"Орта есеппен әлемде 65-тен жоғары адамдардың үлесі 10% -дан астамға өседі (2000 ж. 14,3% -дан 2040 ж. 25,7% -ға дейін), бұл өз кезегінде зейнетақы жүйесінің тұрақтылығына әсер етеді", - деді ол кезде премьер-министр.
"Зейнеткерлік жасты көтеру халықаралық тәжірибеге және әлемде қалыптасып жатқан экономикалық және демографиялық жағдайға сәйкес келеді", - деді үкімет басшысы.
Азық-түлік бағасын реттеу
Премьер-министр Асқар Мамин азық-түлік бағасын бақылаудың жаңа деңгейіне көшуді ұсынды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілгеніне назар аударды.
"Үкімет ұлттық тауар өткізу желісін - көтерме-тарату орталықтарының кешенін құру жөнінде жүйелі шешім қабылдады. Менің тапсырмам бойынша сауда министрі Бақыт Сұлтанов бірқатар еуропалық елдерге барып, осы мәселе бойынша тәжірибені зерделеп, оны пайдаланамыз", - деді Мамин.
Ал Ақтөбе облысына сапары кезінде жергілікті өндірушіден күрте сатып алған Асқар Мамин қазақстандықтардың қызығушылығын тудырған болатын.
Кәсіпкерлікке арналған киім тігумен айналысатын цехты қарап шыққан үкімет басшысы өзіне қыстық күрте сатып алған болатын. Сондай-ақ, барлық ел тұрғындарынан өзінен үлгі алып, жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге кеңес берген.