» » «Киелі мекен – Қармақшы» атты онлайн видеороликтер байқауы өтеді

«Киелі мекен – Қармақшы» атты онлайн видеороликтер байқауы өтеді

Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Демеу» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Киелі мекен - Қармақшы» атты онлайн видеороликтер байқауы өтетіндігін хабарлаймыз.
Байқау жастар орталығының әлеуметтік желісіндегі ресми фейсбук парақшасында онлайн форматта өткізіледі.
Арнайы жүлде қоры:
- 1 орын - Ақшалай сыйлық
- 2 орын - Бағалы сыйлық
- 3 орын - Бағалы сыйлық
Байқау мерзімі:
Байқауға материалдар қабылдау 2020 жылдың 30 желтоқсанында басталып, 2021 жылдың 11 қаңтарында аяқталады.
Байқауға қатысу үшін үміткер Жосалы кентінің көрікті жерлері туралы 2-3 минуттық видеоролик түсіріп 87021351186 нөмеріне WhatsApp қосымшасы арқылы жіберу керек
Байқау қорытындысы және марапаттау:
Байқау қорытындысы үміткердің видео астында жинаған лүпілдері мен пікірлерінің қорытындысы нәтижесінде шығады.
Қатаң ескерту:
- Видеороликте анайы сөздерді пайдалануға тыйым салынған
- Видео 3 минуттан аспауы керек, асқан жағдайқа қарастырылмайды
- Слайд түрінде жасалынған видеолар қайтарылады
04 қаңтар 2021 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 106
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031