» » "Жыл имамы – 2020" анықталды

"Жыл имамы – 2020" анықталды



Қызылорда облысының бас мешіті – «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде Сыр имамдарының алқалы жиыны өткізілген болатын.
Аймақтың бас имамы Болатбек Абуовтың төрағалығымен өткен қорытынды жиында өңір мешіттерінің ҚМДБ бекіткен 4 бағыт бойынша бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасалып, нәтижелері бағаланды.
Жиында Болатбек Ұласқанұлы пандемия уақытына қарамастан, асыл дініміздің насихатталуы мен ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен дін қызметкерлеріне ризашылығын білдіре отырып, өкілдік тарапынан дайындалған «Үздік ауыл имамы», «Үздік ағартушы имам», «Үздік қаламгер имам»,. «Үздік насихатшы имам», «Үздік блогер»,»Үздік үйлестіруші имам», «Үздік іскер имам», «Үздік ерікті имам», «Үздік әуезді қари», «Үздік әуезді азаншы», «Үздік белсенді имам» номинацияларын, облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарын табыстады.
Сыр имамдарының жылды қорытындылау жиынында «Жыл имамы 2020» дәрежесіне лайық деп танылған Қарақұм ауылдық мешітінің имамы Құлтас Тілеулесұлы игі жобалардың ұйытқысы бола білгені үшін ерекше құрметке бөленіп, кіші қажылық жолдамасымен марапатталды.
Атап өтейік, жыл қорытындысына сәйкес Арал аудандық орталық мешітінің бас имамы Қабылғазиев Қайырханға облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
10 желтоқсан 2020 ж. 701 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 898
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 600

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930