Құрылтай
» » Ел астанасының Түркістанға көшуі мүмкін бе?

Ел астанасының Түркістанға көшуі мүмкін бе?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Qazaqstan" телеарнасына берген сұхбатында әлеуметтік желілерде жиі кездесетін ел астанасы Түркістанға көшуі мүмкін деген қауесетке қатысты жауабын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz


"Ондай әңгімелердің негізі жоқ. Бірақ айтудың жөні бар ғой. Түркістан әсіресе сол жақта тұратын, Түркістанның жағдайын білетін адамдар солай деп ойлайтын шығар. Тарихы терең, әрине. Қожа Ахмет Яссауи осында келіп, мұсылмандықты уағыздаған. Бұл түркі дүниесінің мұсылман болуына ықпал етті. Сондықтан олар сыйлайды, жақсы көреді. Әсіресе Түркиядан барлығы келгісі келеді, көргісі келеді. Солай болғаннан кейін, ел астанасы болса деген ойлар бар шығар. Бірақ қазіргі астанамызды әрі қарай ұлғайтамыз. 200 мыңдай халқы бар бұрынғы Ақмола 1 млн 200 мың халқы бар шаһар болды. Нұр-Сұлтан деген ат болды. Мен өзім мұны ұсынғам жоқ, бірақ қарсы да болғаным жоқ. Себебі, астананың әрбір тасы менің нұсқауыммен, әрбір ғимарат менің қатысуыммен салынды. Сондықтан өзіміздің Нұр-Сұлтан қаласын дамытамыз", деп жауап берді Елбасы.
"Түркістан: көне мен келешек көпірі" деректі фильмі Н.Назарбаевтың "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы, журналист Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде әзірленді.
Айта кетейік, деректі туынды "Qazaqstan" телернасынан бүгін 20:00-де эфирге шықты.

02 желтоқсан 2020 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 627
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 090

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31