» » Мектептік медиацияны дамыту қолға алынуда

Мектептік медиацияны дамыту қолға алынуда

Жұма күні кенті әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Қармақшы ауданы бойынша сарапшы маманы А.Нұрмағанбетованың ұйымдастыруымен медиация институтын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесуге аудандағы қоғамдық медиаторлар, мектеп психологтары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Ардагерлер кеңесінің төрағасы, қоғамдық медиатор Е.Ұзақбаев ауданда атқарылып жатқан шараларға тоқталып, медиация институтын насихаттау қадамдарының қажеттілігін атады.
Облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы, медиация кабинетінің жетекшісі Қ.Ақылбеков Қызылорда қаласында жүзеге асырылып жатқан мектептік медиацияны дамыту жобасы жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, медиация жайлы жалпы мағлұматпен бөлісті.
Шараға қатысушылар тақырып бойынша сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Әр мектепке қоғамдық медиаторларды тәлімгер ретінде белгілеп, дауларды шешу және насихат шараларын өткізу, қолдау көрсету бойынша ұсыныстарын білдірді.

"Қт" ақпарат
01 қараша 2020 ж. 876 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 250
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 795

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930