» » 105 жастағы әжей онлайн бата беріп жүр

105 жастағы әжей онлайн бата беріп жүр

Ақтөбеде 105 жастағы әжей WhatsApp арқылы бата беріп жүр, деп хабарлайды Stan.kz.



Соғыс жылдарында колхозда сауыншы болған Жәкібай Бисенғалиева 105 жаста. Ол немересімен бірге тұрады.
"Әженің үш баласы болды, біреуі кішкентай кезінде, қызы - 15 жыл бұрын көз жұмды, бір ұлы қалды, ол соның ұлымен бірге тұрады. Әже 100 жастан асса да, оқи алады, өзіне қарайды және денсаулығына шағымданбайды. Кейуананың сүйікті ісі - теледидар көру. Ол жаңалықтарды қадағалап отырады: президенттің не істеп жатқанына, бізде және әлемде коронавирусқа қатысты жағдай қандай екеніне қызығушылық танытады, сериалдарды жіберіп алмайды, қазір оған "Сүлейман сұлтан" ұнап қалды", - деді келіні Сандина.
Әже 80 мың теңге алады. Жартысын туыстарына береді, жартысын шашуға және сыйлықтарға қалдырады: тойға барғанды ұнатады, бірақ соңғы кездері мерекелер болмағандықтан, ол аздап зерігіп жүр екен. 
Оның батасы туыстары арасындағы ең құнды. Әулеттің құрметті өкілі ретінде одан тұсау кесер рәсімін және басқаларын орындауды сұрайды, ал әже ықыласпен келіседі. Қазір ол WhatsApp-та онлайн бата береді.
02 қазан 2020 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 272
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031