» » Агенттік - сенім алаңы

Агенттік - сенім алаңы


Достар, бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлық қысымынан және әкімшілік кедергілерден қорғау – елдің күн тәртібіндегі негізгі басымдықтарының бірі екені сөзсіз.

Ағымдағы жылдың 19 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы осы бағытты күшейтуге баса назар аударды.

Бұл мәселе жыл сайынғы Жолдауда да нақты айқындалды. Шағын және орта бизнес COVID-19 пандемиясы жағдайында қиын кезеңді бастан кешуде және бұрынғыдан да зор қолдауды қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу «мемлекетке қарсы ең ауыр қылмыс» ретінде қарастырылуы тиіс.

Шағын бизнес бойынша халықаралық кеңестің (ICSB) деректеріне сәйкес, ШОБ әлемдегі барлық кәсіпорындардың 90%-дан астамын құрап, шамамен халықты жалпы 70% жұмыспен қамтуды және ЖІӨ-нің 50%-ын қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда азаматтардың әл-ауқаты жеке сектордағы істердің ахуалына тікелей байланысты екенін нақты түсіну қажет.

Бұл – салық түсімдері, жұмыс орындарын құру, жаңа технологиялар және адам капиталын дамыту. Бір сөзбен айтқанда, бизнес мемлекетке халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға көмектеседі. Біз бизнеске неғұрлым тиімді жағдай жасасақ, соғұрлым ол өнімді жұмыс істеп, қоғамға пайда әкеледі.

Агенттік соңғы үш жылда шенеуніктердің заңсыз араласуынан мыңнан астам кәсіпкердің мүдделерін қылмыстық-құқықтық шаралармен қорғады. Бұл жұмыс жалғасын табады. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әрбір офицері бизнес ісіне араласу фактілеріне жол бермеу туралы жеке ескертілді.

Бүгін мен кешенді алдын алу бағытына толығырақ тоқталғым келеді. 2018 жылдан бастап біз Сыртқы істер министрлігімен, «Kazakh Invest «ҰК» АҚ-мен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп «Protecting business and investments» жобасын іске асырып келеміз. Қазіргі уақытта оған жаңа серпін берілді.

Негізгі мақсат – бизнес пен инвесторлардың қызмет үдерістерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу арқылы олардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру.

Бұл кәсіпкерлердің туындаған мәселелерін шешуде құқықтық алаң аясында көмек көрсетуді білдіреді. Өкінішке орай, олар көп жағдайда бюрократиялық кідірістер мен қағазбастылықты бастан кешіре отырып, «кабинеттер аралауға» мәжбүр. Алайда, олар жалғыз күресуге тиісті емес.

Бүгінгі таңда біздің аумақтық департаменттеріміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуімен жалпы инвестиция сомасы 12 трлн теңгеден асатын 500-ден астам бизнес-жоба жүзеге асырылуда.

Жобалардың 20%-ы – шетелдік инвесторлардың салымы. Олардың көбісі Қытай, Ресей, Германия және Түркия елдерінен. БАӘ, АҚШ, Польша, Нидерланд және басқа да елдердің бизнесмендерінің қатысуын атап өткім келеді. Іс жүзінде әрбір екінші жоба – өңдеу өнеркәсібі салаларында, әрбір бесінші жоба – ауыл шаруашылығында іске асуда.

Біз ілеспе бизнес жүгінетін проблемалық мәселелерді зерттедік. Олар негізінен инвесторлық визаларға, лицензияларға, салық салуға, кедендік баждарға, жоспардан тыс тексерулерге және жер қатынастарына қатысты.

Сонымен қатар, бизнеспен жұмыс «бір қақпаның ойыны» болмауы керек екенін атап өтемін. Кәсіпкерлердің өздері мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде заңсыз іс-әрекеттердің бастамашысы болатын жағдайлар жиі кездеседі.

Агенттіктің бизнес-жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуінің негізгі шарты – шетелдік, сондай-ақ отандық инвестор бірдей шартта адал бизнес жүргізуге міндеттенетін келісімге қосылу.

Бұл бағытта кәсіпкерлердің санасын өзгерту маңызды. Істерді жүргізу кезінде парасаттылық берік стандарт болуы керек. Бұған халықаралық ұйымдардың бірқатар ұсынымдары, атап айтқанда, «Шығыс Еуропа мен Орта Азиядағы бизнестің парасаттылығы» және «Бизнесті жауапты жүргізу» атты ЭЫДҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары мен зерттеулері дәлел бола алады.

Бұл үдеріс квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын толыққанды енгізумен айтарлықтай жанданады. Тиісті заң жобасын Мәжіліс және бірінші оқылымда Сенат мақұлдады.

Егер сіздің бизнес-жобаңыз іскерлік парасаттылық қағидаттарын сақтай отырып жұмыс істеуге дайын болса, біз өз тарапымыздан сізді қолдап, сыбайлас жемқорлық көріністері мен әкімшілік тосқауылдардан қорғауға дайынбыз.

Егер сіздің антикор-сүйемелдеуге өтінім беру және келісімге қосылу туралы сұрақтарыңыз болса, +7 (707) 350-63-07 және +7 (701) 575-40-37 (WhatsApp) телефондары бойынша жобалық кеңсенің үйлестірушілеріне жүгіне аласыз.

Олар Агенттіктің аумақтық департаменттері жанындағы «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Антикор мен өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен кездесуіңізді қамтамасыз етеді.
14 қыркүйек 2020 ж. 443 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031