» » Қызылордалық оқушының ғылыми жобасы патентке ие болды

Қызылордалық оқушының ғылыми жобасы патентке ие болды

Сыр өңіріндегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Зарина Айсауытова су тазалаудың жаңа тиімді әдісін ойлап тапты, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі. 
Заринаның идеясы өндірістік қалдықтардан суды тазалау үдерісінде модификацияланған кальций силикатын қолдануға бағытталған. Жас ғалым судың сапалылығын жақсартатын адсорбенттерді бір сағат уақытта арнайы муфель пештерінде үлкен температурада өңдемей-ақ, қарапайым қысқатолқынды пеште небәрі 15 минутта даярлауға болатынын дәлелдеген.

«Қазіргі уақытта белгілі су дайындаудың технологиялары, оның ішінде кең таралғаны – седиментация және сүзу – қажетті сападағы суды алуға және табиғи су қоймаларының тазалығын сақтаудағы санитарлық талаптарға сай келе бермейді. Біз кальций силикатын темір катиондарына әрекет ету арқылы судың сапалылығын жақсартуға болатынын көрсеттік», – дейді Зарина.

Зарина бұл жұмыспен екі жылдан бері айналысып келеді. Жетекшісі химия пәнінің мұғалімі Марат Сыздықбаевпен бірге мектептің зертханасында өнімдердің физика-химиялық қасиеттеріне талдау жасады. Өңірдегі Қорқыт Ата атындағы университет зертханасында инфрақызыл-спектр және электронды зерттеу әдістерін қолдану арқылы адсорбенттің ерігіштігі мен кеуектілігіне сараптама жүргізді.

«Бұл экономикалық және экологиялық тиімді әдіс. Себебі, мұндай технологиямен тазаланған суға энергия аз жұмсалады», – дейді жоба жетекшісі Марат Сыздықбаев.

Оқушы мен мұғалімнің бұл еңбектері бүгінде пайдалы модель ретінде танылып, ұлттық зияткерлік меншік институты тарапынан патентке ие болды. Мектеп мақтаныштарының алдағы мақсаты – бұл жобаны өндірістік орындарға ұсыну арқылы іске асыру.
30 тамыз 2020 ж. 580 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 255
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 796

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930