» » Гүлшара Әбдіхалықова: Өрт сөндіру депосын салу үшін жұмыс жасау қажет

Гүлшара Әбдіхалықова: Өрт сөндіру депосын салу үшін жұмыс жасау қажет


Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жиында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Б.Данилов облыс аумағындағы өндірістік орындар мен тұрғын үйлердегі, орман шаруашылықтары мен шалғай орналасқан елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі жағдайы және облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов коронавирус инфекциясына қарсы атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Биылғы жылдың 7 айында облыс бойынша 321 өрт оқиғасы орын алды. Жалпы өрттің негізгі себептері – электр жабдықтарын, желілерін, тұрмыстық электр құралдарын пайдалану ережесін бұзу, отпен абайсыз болу, балалардың отпен ойнауы, тұрмыстағы және объектілердегі жылыту пештерінің ақауы және басқа да жағдайлардан болып отыр. Бүгінгі күнге облыс аумағындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 14 мемлекеттік өрт сөндіру бөлімі және 2 өрт сөндіру бекеті жұмыс жасайды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 620 қызметкер және 93 бірлік өрт сөндіру автотехникасымен қамтылған.

Өңір басшысы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша бірқатар тапсырма берді.

«Алдағы жылу беру маусымы кезеңінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала және аудан әкімдеріне өз бюджеттері есебінен әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар тұратын үйлерге көмірқышқыл және табиғи газды анықтайтын құрылғылар орнату жұмыстарын жалғастырсын. Облыс көлеміндегі жарылғыш заттар мен аммиактық селитра сақтайтын, оттегі толтыру нысандары мен газ толтыру стансаларына өнеркәсіптік қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жұмыстарын ұйымдастыру керек. Орман және дала өрттерінің алдын алуға арналған күш-құралдардың дайындығын қамтамасыз етіңіздер. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің сол жағалауындағы ғимараттар санының өсуіне байланысты өрт сөндіру депосын салу үшін жұмыс жасау қажет», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Бұдан бөлек аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне өз аумақтарындағы шалғай орналасқан елді мекендерде құрылған өрт сөндіру бекеттерін кезекшi ауысымға, өрт сөндiру автомобилiне арналған телефон байланысымен, электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз етiлген ғимараттармен қамтамасыз ету үшін қаржы бөлуді және облыс әкімімен бекітілген «2021-2025 жылдарға мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде кезең-кезеңмен өрт бекеттерін құру» жоспарын іске асыруды тапсырды.

Облыста коронавирус індетін жұқтырған барлығы 3229 адам тіркелді. Тіркелген науқастардың бүгінгі күнге дейін 93,7% (3024) жазылып шықса, аталған инфекциядан облыс бойынша 9 науқас қайтыс болды. Сонымен қатар, коронавирус инфекциясымен қоса, пневмониямен аурушаңдық жағдайлары өсуіне байланысты тіркеудің жаңа тәртібі енгізілді. Күшейтілген карантиндік режимді іске асыру барысында облыста эпиедмиологиялық жағдай біршама тұрақталды. Оған дәлел ретінде облыстық медициналық жедел жәрдем стансасына келіп түскен шақыртулар санынан көруге болады. Ең көп шақырту 28 маусым күні түсіп, 2120-ны құраған. Бүгінгі күні шақыртулар саны 52,4%-ға қысқарды.

Эпид маусым басталғанда облыста барлығы 976 төсек орын ұйымдастырылған болатын. Шілде айының басында стационарлардың жүктемесінің 85%-дан артуына байланысты, төсек орын саны 2 405-ке артты.

Қазіргі таңда облыс бойынша төсек орын тапшылығы жоқ. Алайда қажет болған жағдайда 3000 төсек орынға 21 инфекциялық стационар қайта ашылатын болады.

Сонымен қатар, үй жағдайында дәрігерлік және динамикалық бақылауды қажет ететін науқастарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында мобильдік бригадалар ұйымдастырылды. Мобильдік бригадалардың 38 қала деңгейінде болса, 28 аудан орталықтарында және 95-і елді мекендерде қызмет атқаруда.

Эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін қаржылық қолдау және COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған немесе аталған инфекциядан қайтыс болған медицина қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік төлемді төлеу мақсатында 9988 қызметкерге 2 062 270,4 мың теңге төленді.

Облыс әкімі коронавирус инфекциясына қарсы шараларды жалғастыруды тапсырды.

«Кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізіп, медициналық ұйымдарға қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастырыңыздар. Облыстағы қажетті дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тұрақты қорын жасақтау мақсатында қажеттілігі есептеліп, медициналық ұйымдарда қорғаныш заттарының кем дегенде 30 күндік қоры жасақталу керек», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
28 тамыз 2020 ж. 501 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 056

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031