» » Білім министрлігі жаңа оқу жылындағы жаңашылдық туралы айтты

Білім министрлігі жаңа оқу жылындағы жаңашылдық туралы айтты


Бірінші қыркүйектен бастап оқушыларға сабақтағы жұмысы үшін ұпай қойылады, ол тоқсандық бағаға әсер етеді

1 қыркүйектен бастап мектептегі тоқсандық баға қалай есептелінетіні айтылды. Білім және ғылым министрлігі 2020-2021 оқу жылында оқушылардың оқу жетістігін бағалауға өзгерістер енгізді. Бұл жайында "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бөлім басшысы Айман Құсайынова ата-аналарға арналған вебинарда хабарлады.

"Қалыптастырушы бағалау енді күн сайын ұпаймен есептеледі. Бір рет бөлім бойынша жиынтық бағалау өтеді. Бөлім бойынша жиынтық бағалау мұғалімге байланысты болады. Тоқсандық бағалау енді 50% тоқсандық жиынтық бағалау, 25% бөлім бойынша жиынтық бағалау және қалған 25% дәстүрлі бағалау арқылы қойылады", - деп түсіндірді Құсайынова.

Айта кетейік, 1 қыркүйектен бастап республика мектептерінде сабақ қашықтан оқу форматында басталады. Сондай-ақ, бастауыш сыныптар үшін кезекші сыныптар ұйымдастырылады. Бұл сыныптарға оқушылар ата-анасының өтініші бойынша қабылданады.

Оқу бірнеше ауысыммен өтеді. Бір сынып тек бір кабинетте оқиды. Үзіліс әр сыныпқа түрлі уақытта соғылады. Кейбір пәндер қашықтан оқытылады.

Ата-аналар балаларын мектепке алып келеді, алайда оқу орнына кіруге рұқсат жоқ.



14 тамыз 2020 ж. 900 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 018
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 245

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031