» » Оттегі стансасы іске қосылды

Оттегі стансасы іске қосылды


Бірде әлеуметтік желідегі Саламат есімді жігіттің жазбасы көптің көңілінен шыққанын жазып едік. Онда ол ауданда қосымша оттегі цехын ашуды қолға алатынын жеткізген болатын. Оған сенім артты, сәттілік тіледі талайы. Енді міне көптің ниеті қабыл болып, жаңа цехтың жұмысын сүйіншілемекпіз.
Бастаған ісін аяқсыз қалдырмай, ашылған стансаны игеріп отырған талапты жас – Саламат Қыдырбаев. Мамандығы – эколог. Жалпы оттегі баллонын толтыратын станса ашуда кейіпкеріміздің одан хабары бар. Себебі ол осыған дейін «Шыңғыс» ЛТД мекемесінде оттегі цехының басшысы болып қызмет еткен.
– Қолда тұрған дайын қаржы болмады. Бірақ көмектесуге деген адал ниетім болды. Айналада мынадай жағдай орын алып жатқанда неге бос жатуым керек? Адамдар өмір мен өлім арасында күресуде, мен неге қарап отыруым қажет. Міне, дәл осы сұрақ көкейімді тескені рас. Алланың қолдауымен аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбаев, ЖК Қойшыбаев, «Аль-Асад» ЖШС Төреғали аға мен Қайрат Мамыраевтардың демеушілігімен Жосалы кентіндегі аурухана жанынан оттегі баллонын толтыратын станса іске қосылды. Әрине бастапқыда қолымызда бар құрылғыны құрастырдық. Жан-жақтан іздедік, таптық. Берілген өтініштен соң ТЖК ЗГУ құрылғысын алдық. Үміт еттік, ниет орындалды. Ендігі мақсат – халыққа қалтқысыз қызмет көрсету, – дейді ол.
Зауыт – медициналық оттегі шығарады. Тазалығы – 99,5 процент. Станса «Линде газ» неміс компаниясының Қарағанды облысындағы зауытынан оттегі сұйықтығын әкеледі де, оны өңдеп баллондарға құяды. Бір алып келгендегісі – 6 тонна. Ол шамамен 900 баллонға дейін жетеді. Індет өршіген тұста 100-ден аса баллон толтырылса, қазір мұндағы сұраныс саябырсыған. Аурухананың өзіне күніне 30-40 баллон толтырылады. Жеке түсетін сұранысы тағы бар. Сондай-ақ, 3 адам жұмыспен қамтылып отыр. Айта кетейік, жақында аудан әкімі Мұса Қалдарбеков стансаның жұмысымен танысты. Ол баллондарға оттегін толтыру Қызылорда қаласындағы «LTD Чингиз» және «Квант» ЖШС арқылы жүргізіліп келгенін атап өтті. Әрі игі бастамаға сәттілік те тіледі. Құрылғының 200 баллонға дейін оттегі толтыруға дәрмені жетеді. Бұл алдымен уақытты үнемдесе, бір өмірге жаңа дем беретіні сөзсіз.
– Алдағы уақытта тасымалдайтын көлік алып, Арал, Қазалы, Байқоңырдағы ауруханаларды оттегімен қамтамасыз етемін, – деген Саламат осылайша әңгімесін түйіндеді.
Айнұр ӘЛИ
11 тамыз 2020 ж. 698 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031