» » Қазақстанда коронавирус жұқтырған 25 182 адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 25 182 адам ем алып жатыр - ҚР ДСМ

Қазақстанда осы кезде коронавирус инфекциясын жұқтырған 25 182 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 108 сәби бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, стационарларда 5 021 науқас жатыр. 20 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 121 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 29 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы брифингте хабарлап тұрады.


09 тамыз 2020 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 076
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031