» » ҚР Президентіне дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг туралы есеп берілді

ҚР Президентіне дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг туралы есеп берілді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Есеп комитетінің төрайымы Мемлекет басшысына дағдарысқа қарсы шараларға бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу барысы және квазимемлекеттік сектор компанияларының активтерін тиімді басқаруға жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары туралы есеп берді. Наталья Годунованың айтуынша, экономиканы қолдауға және пандемиямен күреске бағытталған ресурстарды Есеп комитеті мен тексеру комиссиялары жіті бақылап отыр. Үкімет қабылдаған шаралардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі осы жылдың соңына дейін бағаланатын болады. Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің жақында өтетін отырысында аудит қорытындыларын заңнамаға сәйкес қарастыруды және мемлекеттік активтерді тиімсіз басқаруға қатысты анықталған деректер бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Президенттің пікірінше, Есеп комитеті ауқымды әрі тиімді жұмыс жүргізіп отыр. Мемлекет басшысы бұл жұмыстарды жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.


03 тамыз 2020 ж. 758 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 991
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031