Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Ауданда қызметтік көліктер дәрігерлерге көмектесуде

Ауданда қызметтік көліктер дәрігерлерге көмектесуде

Бүгінгі күні коронавирус індетімен күресте аурумен арпалысып жатқан дәрігерлерге көмек қолын созу, тұрғындардың түскен шақыртуларына жедел жетуі үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірқатара шаралар атқарылуда.
Ауданымыздың азаматтарына үздіксіз жедел көмек көрсету бағытында Жосалы кенті мен ауылдық округтердегі орналасқан мемлекеттік мекемелердің 13 автокөлігі кезекшілікке қойылып қызмет етуде.
Аудан көлемінде санитарлық-эпидемологиялық ахуал тұрақталып келеді. Індетпен күресу үшін медициналық бақылау жұмыстары қатаң жүргізілуде.
Қазіргі таңда аурухана эпидемологтары тарапынан күшейтілген түрде дезинфекциялық шаралардың уақытылы өткізілуін және барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталуы тұрақты бақылауға алынған.
Осы ретте аудан тұрғындарына каратин режимін қатаң сақтап отбасылық мерекелер мен жиын тойларды, ас беру, т.б. басқосу өткізу мен ұйымдастыруға тиым салынады.
Осындай күрделі кезеңде әрбір аудан тұрғыны жауапкершілікті сезініп, белгіленген тәртіпке бағынып, індетті жеңуге бірге атсалысайық!
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
23 шілде 2020 ж. 719 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 583
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 372

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031