» » Коронавирус бойынша қоғамдық бақылау тобы Telegram-ботты іске қосты

Коронавирус бойынша қоғамдық бақылау тобы Telegram-ботты іске қосты


Қазақстанда CovidControlKzBot атты жаңа Telegram-бот іске қосылды, оның көмегімен пайдаланушылар COVID-19 бойынша қоғамдық бақылау тобына хабарлама жібере алады. Бұл жөнінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы сервистің көмегімен қоғам белсенділері санитарлық нормалар мен карантин шараларының бұзылуы туралы хабарламалар, медициналық мекемелердің жұмысына шағымдар және медицина қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар алады.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық бақылау тобы - азаматтық бастама, оның мақсаты - дәрігерлердің жұмыс жағдайына мониторинг жасау және медициналық мекемелерде пациенттерді емдеу, гуманитарлық көмекті бөлуге мониторинг жасау, пандемия жағдайында әлеуметтік және медициналық көмек алуда азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылау. Қоғамдық бақылау Қазақстанның барлық облыстарында іске қосылып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауына ие болды.

23 шілде 2020 ж. 763 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 868
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930