» » 42 500 теңге төлеміне өтінімдер қабылдау басталды

42 500 теңге төлеміне өтінімдер қабылдау басталды

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші азаматтардан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріндегі  біржолғы төлем төлеуге өтініштер қабылдау басталды, – деп хабарлайды BAQ.KZ


Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысын жоғалтқан, БЖТ төлеуші болып табылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар 42 000 теңге төлеміне келесі арналар арқылы өтініш бере алады:– egov.kz – "электрондық үкімет" веб-порталы;
– 42500.enbek.kz порталы;
– telegram-боттар;
– Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
– homebank.kz порталы.
Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға өтінім берудің қажеті жоқ, себебі sms-ке жауап жіберу автоматты түрде өтінім беру болып табылады.
Бұдан бұрын хабарлағандай, 16 шілдеден бастап БЖТ төлеуші болып табылатын адамдар үшін sms-хабарлама жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетіледі.

19 шілде 2020 ж. 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 991
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031