» » Карантинді жыл соңына дейін созу ұсынылды

Карантинді жыл соңына дейін созу ұсынылды

Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор, медицина ғылымдарының докторы Вячеслав Локшин карантинді жыл соңына дейін ұзартуды ұсынды. Ол пандемияны басқа жолмен жеңу мүмкін емес деп санайды.

Абырой болғанда, індетке шалдыққандардың 70 процентінде ауру жеңіл немесе симптомсыз өтеді. Алайда біздің денсаулық саласына науқастардың 30, 20, тіпті 10 пайызының өзі ауыр салмақ салды. Карантинді ұзарту – өте дұрыс шара. Менің ойымша, оны жыл соңына дейін ұзарту қажет. Стадиондардың көбін төсек-орынмен жабдықтауға болады. Бірақ бұл проблеманың шешімі емес. Біздің осыншама дәрігеріміз, қаржылық мүмкіндігіміз жоқ... Пандемиямен тек карантиннің көмегімен күресуге болады, – деп мәлімдеді профессор.
Ол үкіметтің қазіргі жұмысына қанағаттанбайтынын жеткізді. Айтуынша, үкімет тарапынан айқын, түсінікті іс-қимыл байқалып отырған жоқ.
Ауру жұқтырғандардың өсуіне денсаулық сақтау министрлігін неге кінәлайтынын дәрігер ретінде түсінбеймін. Министрлік індеттің таралуын қалай тоқтата алады? Бұл мүлдем басқа ведомстволардың міндеті, – дейді Локшин.  
Ол карантиннің мәні ұжымдық иммунитетті қалыптастыруда екенін атап өтті. Сондықтан мемлекет қатаң шаралар мен қомақты айыппұлдар арқылы адамдарға маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін түсіндіруі қажет, деп санайды ол.

BAQ.KZ
19 шілде 2020 ж. 693 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 455
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31