» » Облыс әкімі пандемия құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты

Облыс әкімі пандемия құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 9 шілде күнгі № 116 «Қазақстан Республикасында коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы» өкіміне сәйкес республика бойынша Нұр-Сұлтан қаласының уақытына сәйкес сағат 12.00-де (жергілікті уақытпен сағат 11.00) 1 минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысында 1 минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі 4 жерде ұйымдастырылды. Атап айтсақ, облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңынан облыс әкімі, әкімнің орынбасарлары, аппаратының басшысы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Рәміздер алаңынан полиция қызметкерлері, облыстық медициналық орталығының алаңынан дәрігерлер және Қорқыт ата атындағы университетінің бас корпусының алаңынан ректордың орынбасарлары, ардагер ұстаздар, кәсіподақ және жастар ұйымының төрағалары қатысты.

Мемлекеттік органның, Қорқыт-ата атындағы университеттің өкілдері, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер қаза болған адамдарды құрметтеу мен еске алу белгісі ретінде киімдеріне қаралы таспа тақты.

Белгілі болғандай, «Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес аза тұту күні бүкіл ел бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарында мемлекеттік тулар түсірілуі тиіс, «Жарнама туралы» Заңға сәйкес барлық теле- және радиоарналардың хабар тарату торынан жарнамалық контентті алып тастау қажет және т.б.



13 шілде 2020 ж. 622 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 555
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 356

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031