» » Журналист Диас Омаров көз жұмды

Журналист Диас Омаров көз жұмды


Бүгін, 5 шілде, өмірінің 80-ші жылы белгілі қазақстандық журналист және комментатор Диас Омаров қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 



Бұл туралы «Астана» ФК сайтында хабарлады. Өзінің жарты ғұмырын журналистикаға арнаған Омаровты әріптестері қайғыра естеріне алды. Журналист 80 жасқа қараған шағында көз жұмды. 
"Бұл бүкіл қазақстандық спорт үшін үлкен шығын. Диас Ілиясұлы шынымен де біздің журналистиканың шебері болды. Оның еңбегінің арқасында спортшылар мен журналистердің бірнеше буыны теледидардан көрінді", - деді "Астана" компаниясының бас директоры Михаил Гурман.
Мықты комментатор, білікті журналист болған Диас Омаровтың отбасына қайғыра көңіл айтып, қайғыларына ортақ екендерін жеткізді олар.
"Ол кәсібилік пен еңбекқорлықтың нағыз бейнесі болды! Осы жылдың қазан айында Омаров мерейтойды атап өтуі керек еді, бірақ тағдыр басқаша шешілді! Футбол клубы атынан Диас Ілиясұлының барлық туыстарына және бүкіл спорт қауымдастығына көңіл айтамын! Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз", - деді Михаил Гурман.
05 шілде 2020 ж. 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930