» » Қазақстанда 3 пойыз қозғалысы тоқтады

Қазақстанда 3 пойыз қозғалысы тоқтады


«Жолаушылар тасымалы» Тальго вагондарынан құрылған үш коммерциялық жолаушылар пойызының уақытша тоқтатылғандығы туралы хабарлады.



Олар: № 19/20 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Атырау» рейсі. Пойыз Нұр-Сұлтанның «Нұрлы жол» вокзалынан 2020 жылдың 1 шілдесінде шығып, Атырауға 2 шілдеде жетуі керек болған;
№ 95/96 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Орал» рейсі. Нұр-Сұлтанның «Нұрлы жол» вокзалынан 2020 жылдың 2 шілдесінде шығып, Орал қаласына 3 шілдеде жетуі керек болған;
№ 701/702 «Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» рейсі. Алматы-2-ден 2020 жылдың 1 шілдесінде шығып, Нұр-Сұлтанның «Нұрлы жол» вокзалына 2 шілдеде жетуі керек болған.
Осы аталған пойыздарға билет алып қойған жолаушылар ақшасын толық көлемде қайтара алады. Болмаса қолындағы билетін басқа уақыттағы рейске ауыстыру мүмкіндігі бар.
Атап айтқанда, билеттерді «Нұр-Сұлтан – Атырау» бағдары; - «Нұр-Сұлтан – Орал» бағдары; - «Нұр-Сұлтан – Алматы» бағдары; - Орал-Нұр-Сұлтан-Алматы бағдары; - Петропавл-Нұр-Сұлтан-Алматы бағдары бойынша ауыстыруға болады:
Сіз жолаушылар пойызының жүру кестесі, орындары мен ақысы туралы ақпараттарды 105 анықтама қызметіне қоңырау шалу арқылы біле аласыз (қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін, ұялы телефоннан минутына 112 теңге тұрады).
01 шілде 2020 ж. 1 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10386)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 459
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31