» » "Ақмешіт – адалдық алаңы" кеңсесі ашылды

"Ақмешіт – адалдық алаңы" кеңсесі ашылды

Кент орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы негізінде аудан әкімдігінің қолдауымен "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ашылды.
Аталған орталықта тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша аудан көлемінде өткізілетін іс-шаралар жоспары бекітілген. Бүгінде жемқорлыққа қарсы бағытталған сауалнама алу секілді түрлі форматтағы шараларды жүргізіп келеді.
Жақында кеңсенің жұмысымен танысу мақсатында аудан әкімі Мұса Қалдарбеков арнайы барды. Аудан басшысы кеңсенің басты мақсатымен танысып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі.
Негізінен, "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің мақсаты сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру және мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру болып табылады.

"Қт" ақпарат
30 маусым 2020 ж. 1 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 978
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 207

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031