» » Қазақстанда медициналық маска шығаратын 4 кәсіпорын ашылады

Қазақстанда медициналық маска шығаратын 4 кәсіпорын ашылады

Биыл Қазақстанда медициналық маска шығаратын 4 кәсіпорын ашылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Ішкі нарықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында отандық өнімдерді шығару бойынша өндірістік қуатты ұлғайтуды жалғастырып жатырмыз. Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 6 айға маскаға деген қажеттілік 111,2 млн дананы құрайды. Бүгінгі таңда 9 отандық кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 490 мың дана медициналық маска шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында осы жылдың соңына дейін 4 жаңа кәсіпорын ашуды жоспарлап отырмыз», - деді Б. Атамқұлов.

Министрдің айтуынша, осы жобаларды іске қосу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндіріс көлемін ұлғайту тәулігіне 1,1 млн дана маска шығаруға мүмкіндік береді.

«Тұтастай алғанда, халықтың маскаға деген қажеттілігі осы кезеңде - 144 млн дана. Бүгінде барлық маскалардың тәулік сайынғы көлемі 413 мың дананы құрайды. Халықты қажетті маскалар санымен қамтамасыз ету үшін біз тігін кәсіпорындары есебінен көп мәрте қолданылатын, алдын алу, қорғау маскаларының өндіріс көлемін тәулігіне 800 мың данаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - деді министр.

Оның дерегінше, жергілікті атқарушы органдар тігін кәсіпорындарымен көп мәрте қолданылатын маскалар қорын құру бойынша жұмысты бастап кеткен.



19 маусым 2020 ж. 855 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 189

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 306

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930