» » Әскери борышты өтеу 2 жылға ұзартыла ма?

Әскери борышты өтеу 2 жылға ұзартыла ма?


ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Қазақстан армиясын мерзімді әскери борышты өтеу жүйесін 2 жылға көшіру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Мұндай әңгіме жиі көтеріліп тұратындығын атап өткім келеді. Бірақ, бүгінгі күні 1,5-2 жылға іскери борышты өтеуге көшіру жоспарымызда жоқ», - деді Бақыт Құрманбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

Сонымен қатар ол «1 жылдың ішінде сарбаз барлық әскери машықты игеріп шыға ала ма?» деген сауалға да жауап бері.

«Жас сарбаз курсын өту барысында, әскери бөлімге алғаш келіп түскенде жеке қаруды қолданумен байланысты барлық мәселелер қарастырылады. Яғни, олар автоматпен, тапаншамен атып үйренеді. Аталған атыс қаруларын қолданудың барлық қажетті тәсілдерін, әдістерін, оны ұрыс кезінде қолдану әрекеттерін меңгереді. Содан кейін ол осы курсты өтіп барып ант қабылдайды. Ант қабылданғаннан кейін ғана күрделі техникаларды меңгере бастайды», - деді ол. 

10 маусым 2020 ж. 842 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 939
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 629

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930