» » МӘМС: Мол мүмкіндіктер алаңы

МӘМС: Мол мүмкіндіктер алаңы


ЖОСАЛЫ, 9 маусым – qarmaqshy-tany.kz ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДАҒЫ БАСТЫ ТАЛАБЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ. СЕБЕБІ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ ТӨМЕНДЕСЕ, ҚОҒАМ САНАСЫ МӘНІСІН ЖОҒАЛТАДЫ. АЗАМАТТАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЭКОНОМИКАҒА, ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ДАМУҒА, ДЕМОГРАФИЯ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ТІКЕЛЕЙ ҚАТЫСТЫ.


Осы тұрғыда әр ел өзіндік бір медициналық жүйені таңдаған. Ал сол жүйелердің ішінде жиі қолданыста болатыны – медициналық сақтандыру. Мәселен, АҚШ халқы сақтандыруды өз еркімен төлесе, Германия, Франция мен Нидер- ландияда әрбір адамның жалақысынан белгілі бір процент төленеді. Оның нәтижесінде халық кез келген уақытта белгілі бір медициналық ем-дом ала алады. Міне, әлемдік дамыған елдердің тәжірибесінде оң баға алған сақтандыру жүйесі біздің елде де қолға алынды.

Елбасы Н.Назарбаев медициналық сақтандыруды қолданысқа енгізу мәселесін өзінің 2015 жылғы 20 мамырдағы бағдарламасында айтты. 100 нақты қадамның ішіне медициналық сақтандыруды да жолға қойып, кемел жоспар құрылды. Негізінен медициналық сақтандыру – сақтандырылушының жинаған қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмектің халық денсаулығын сақтау мақсатындағы әлеуметтік қорғау формасы. Ал міндетті әлеуметтік сақтандыру дегеніміз – төтенше жағдай болғанда мемлекеттің тарапынан ұйымдастырылған сақтандырылушыға тегін медициналық көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік сақтандыру түрі.
Бұл жүйе елімізде осы жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді және ол азаматтың жасы мен жынысына, әлеуметтік мәртебесі мен табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке бірдей қол жеткізуге кепілдік береді.

МӘМС-тің мақсаты – тұрақты дамуды, қаржыландыру жүктемесін әділ бөлуді және денсаулық сақтау жүйесінің қауіптерін кешенді қорғауды қамтамасыз ету. Міндетті сақтандыру сақтандырушының кірісі мен төлеген сомасына қарамастан медициналық қызметтің бірыңғай пакетіне құқық береді. Сондай-ақ төлеу мөлшері сақтандырылушының төлем қабілетіне байланысты болады. Яғни, жаңа медициналық жүйе арқылы әдеуметтік теңдік пен әділеттілікке жол ашады. МӘМС қызметі пакеттерінің сомасы шектелмеген және төленген жарна мөлшеріне қарамайды, жоғары технологиялық операциялар жасауға болады және түрлі аурудың алдын алуға бағытталған. Қазір аудандық ауруханаға қаралатындар – 15 санатқа жататындар. Оның ішінде бала- лар мен жасөспірімдер, зейнетақы алушылар мен мүгедектер, алқа мен "Батыр ана" атағын алғандар, мүгедек баланы бағушылар және ЖОО-дан кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындар, ресми тіркелген жұмыссыздар. Бүгінде ауданда 115 төсектік орталық ау- рухана, 250 төсектік қабылдауы бар емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлікакушерлік және 6 медициналық бекет халық денсаулығы үшін қызмет етуде. Елімізге енгізілген МӘМС арқылы лабораторлы- диагностикалық 4515 қызмет көрсетіліп, өткен жылдың 4 айымен салыстырғанда 5,5 есе өскен. Яғни, барлық сақтандырылған халық дәрігердің жолдауымен тексеріле алады.

Жаңа жүйені енгізу барысында МӘМС пакеттеріндегі қызмет түрлерін алу кезінде кейбір кемшіліктерді "Осы жерде және қазір" қағидасымен шешу мақсатында арнайы құрылған топ жұмыс істеуде. Мәселен, аудандық ауруха- на ғимаратында Қазпошта терминалы орнатылып, сақтандырылмаған азаматтарға түсіндірме жүргізу арқылы бірыңғай жиынтық төлемді терминал арқылы жасауға мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ бас дәрігер мен орынбасарлары, дәрігерлер МӘМС тақырыбында семинар сабақтар өткізіп, 2 кезеңді онлайн сынақ тапсырды. Аймақ дәрігерлері азаматтың статусын анықтау, тіркеу мен түсіндірме жүргізуде. Соңғы кезде енгізілген карантиндік режимге байланысты аймақ аралау қашықтан жүргізілді. Карантиндік режим кезінде жұмыссыз қалған жандар мемлекет тарапынан берілген көмек арқылы 4 мыңнан астам тұрғын бірыңғай жиынтық төлем төлеген.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін толық әрі сапалы түрде түсіндіру үшін ақ халатты дәрігерлер жұмысын әлі де жүргізуде. Дегенмен, әлеуметтік статусы анықталмаған азаматтар арасында осыған дейін жарна төлемегендер бар. Оларға бұл жүйенің маңызы мен тиімділігін түсіндіру қарқынды жүргізіліп келеді, – дейді амбулаториялық- емханалық қызметі бар аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Сағилатұлы.

Әлемдік жаһандану заманында дамыған 30 елдің қатарына кіру жолында өзіндік үлес қосатын бірден-бір жүйе – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Сол себептен, өз денсаулығымыз бен еліміздің қарыштап дамуына септігімізді тигізу маңызды.

Аслан ЖАЙҚОНЫСҰЛЫ
09 маусым 2020 ж. 816 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031