» » Митингілер вирусты жаппай жұқтыруға жағдай жасайды: Бекшин ескерту жасады

Митингілер вирусты жаппай жұқтыруға жағдай жасайды: Бекшин ескерту жасады


Алматы қаласының ,ас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус індеті кезінде қалада митингілер өткізу туралы cөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 



Ол бір тәулік ішінде Алматыда коронавирустың 49 оқиғасы, ал бір апта ішінде - 334 оқиғасы анықталғанын еске салды. Оның айтуынша, пандемия ауқымы азай тұр.

"Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көп жиналу, жақын араласу азаматтардың індетті жаппай жұқтыруына әкеліп соғады. Әлемнің көптеген елдерінде осылай болды.

Өйткені, митингтер жұқтыру ошағы болып табылады. Егер, мұндай бұқаралық шаралар індетті жұқтыруға себепші болса, онда митингтерді ұйымдастырушылар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады, тіпті қылмыстық іс қозғалады.

Осындай бұқаралық шараларға қатысушылар індет жұқтыратын болса, онда эпидемиологиялық тексеру аясында шеттетіледі.
COVID-19 жұқтырғандар инфекциялық ауруханаға жатқызылады.

Олармен  араласқандар, мейлі олар індетті кепшілік жерде немесе үйде жұқтырсын, провизорлық және карантиндік госпитальда оқшауланады. Санитарлық-эпидемиологиялық хаттаманың талаптары осындай, біз оны міндетті түрде орындаймыз. Хаттамаға сәйкес, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер карантин режимінде жаппай жиындарға қатысқан азаматтарды тіркеп, видеотүсірілім жүргізеді.

Ал, тіркеу қатысушылар санын есептеп, жұқтыру ошағының эпидемиологиялық тексеруін одан ары жүргізіп, коронавирустың таралуының алдын алу үшін қажет", - деді Жандарбек Бекшин.

"Сонымен қатар, ауқымды жұқтырудың нақты қаупін ескере отырып, тиісті қызметтермен адамдар көп жиналатын көшелер мен алаңдарды дезинфекциялауды күшейтуді талап етемін. Менің талаптарым мен ұйғарымдарым қаланың әрбір тұрғынының денсаулығы мен қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа байланысты", - деп түйіндеді ол.
05 маусым 2020 ж. 536 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 026
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031