» » Карантин: Қызылордада 1 маусымнан бастап не өзгереді?

Карантин: Қызылордада 1 маусымнан бастап не өзгереді?

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссиясының хаттамасына сәйкес, 2020 жылдың 1 маусымынан бастап өңірде карантиндік шаралардың алтыншы кезеңі іске қосылды. Осыған орай, назарларыңызға бүгіннен бастап аймақта іске қосылатын салалардың және ұйымдардың тізімін жариялады Kyzylorda-news.kz.


Қызылорда облысы бойынша 2020 жылдың 1 маусымынан (алтыншы кезең) іске қосылатын салалардың және ұйымдардың ТІЗІМІ
  1. Қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмыс уақытын сағат 09:00 мен 22:00 аралығында белгілеу;
  2. Сағат жөндеу шеберханаларының, химиялық тазалау, фотосалондардың, жарнамалық агенттіктердің, шаштараздардың, сұлулық салондардың жұмыс уақытын сағат 09:00 мен 20:00 аралығында белгілеу;
  3. Автокөлікті техникалық тексеру мен қызмет көрсету станцияларының, көлік жуу, желімдеу қызметтерінің жұмыс уақытын  сағат 09:00 мен 22:00 аралығында белгілеу;
  4. Көлемі 500 шаршы метрден асатын бөлек тұрған азық-түлік емес тауарларды сататын нысандар мен базарлардың жұмыс уақытын сағат  08.00 мен 19.00 аралығында белгілеу;
  5. Қоғамдық тамақтану және жазғы алаңдары бар таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмыс уақытын сағат            11:00 мен 23:00 аралығында белгілеу;
  6. Фитнес клубтардың, тренажерлік залдардың, бассейндердің жұмыс уақытын сағат 10.00 мен 22.00 аралығында белгілеу;
  7. Қосымша білім беру орталықтары (барлық сыныптар үшін                    10 адамнан аспайтын ара қашықтықты 1,5-2 метр сақтай отырып, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін);
  8. Спа-орталықтары, ашық жағажайжар (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
  9. Компьютерлік және интернет клубтар, бильярд клубтары, букмекерлік кеңселер, лотереялық кеңселер (сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін);
  10. Қоғамдық демалыс парктері (сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін);
  11.  Мәдениет, өнер және архив нысандарының жұмысын көрерменсіз, келушісіз толық іске қосу;
  12. Спорт нысандарының жұмысы көрерменсіз толық іске қосу;
  13. Емдік-сауықтыру орындары, шипажайлар; 
  14. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен ауданаралық (облысішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын, сондай-ақ облыс аумағындағы автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін іске қосу;
  15. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып, автобуспен облысаралық (республикаішілік қалааралық) тұрақты тасымалдау маршруттарын іске қосу;
  16. Облыс бойынша орналасқан блок-бекеттерді алу.
01 маусым 2020 ж. 908 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031