Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасымен бірлесіп, облыс бойынша барлық білім беру мекемелерінде 2020 жылдың 18 мамырда сағат 15.00-де «Адалдық сағаты» республикалық акциясын өткізді.
Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен қызмет тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде.
Қалыптасқан жағдайда «Адалдық сағаты» дәстүрлі түрдегі кездесулердің орнына онлайн форматта өтті.
Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп анықталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды.
Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті.
Сабақ барысында оқушыларды өмірде жетістікке жету үшін адал еңбек етудің маңыздылығын түсіндіріп, қоғамда ұмытылып бара жатқан тәрбиелік маңызы бар құндылықтарды сақтауға шақырды.
Бейне-дәрістер екі тілде республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, Агенттіктің Youtube-арнасы мен оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілді.
Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау бойынша Агенттікпен жүргізілетін жүйелі жұмыстар өз жалғасынатын болады.