» » Білім саласында қандай өзгерістер бар?

Білім саласында қандай өзгерістер бар?


Оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Облыс бойынша 11 класты бітіретін 6060 балалар үшін, 3-4 маусым күндері «Аттестат тапсыру» және «Соңғы қоңырау» шаралары біріктіріліп, салтанатты жиындар өткізіледі. Шаралар мектептің сыртқы ауласында ұйымдастырылады. Санитарлық сақтық шаралары қатаң сақталатын болады. Шараға бітірушілер мектеп формасымен қатысады. Үйлерде, ресторандарда мектеп бітіру кештерін өткізу және автокөлікпен картежге шығуына қатаң тыйым салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бердаулетов Бағдат Камбозұлы мәлімдеді.


«Соңғы қоңырау» салтанатты жиындары өткізілмейді. Мемлекеттік емтихандар өткізілмейді. Аттестатқа қорытынды баға жылдық бағалар негізінде қойылады. «Алтын белгіге» үміткерлер саны-573 оқушы. ( 2019 жыл-320)" - деді Бағдат Камбозұлы.
Жалпы ҰБТ өткізудің форматы өзгеріссіз. Былтырғы жылдағыдай 5 пән бойынша 120 сұрақтан тұратын тест тапсырып, ең жоғары140 балл жинауға мүмкіндігі болады. 
ҰБТ өткізілетін уақыты 20 маусым-5 шілде. Облыста 9 тестілеу пункті жұмыс жасайды. Білім бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес барлық пунктер талапқа сәйкес жабдықталған.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда балабақшаларды ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Кезекші топтармен жұмыс жасайтын балабақшаға бірінші кезекте ата-аналары жұмыс жасайтын, балаларды үйге қалдыруға мүмкіндігі жоқ отбасы балалары қабылданады.
Алгортим бойынша балабақша ғимараты мен аумағына күшейтілген санитарлық дезинфекциялық шаралары жұмыстар жүргізілуде.
Түрлі жастағы балалардың санына байланысты топтар жасақталады. ( 1-3 жас, 3-6 жас); Балабақшадағы қызметкерлер мен балалардардың өмір денсаулығына қауіпсіздігіне жағдай жасау жауапкершілігі балабақша меңгерушіне жүктеледі.
15 мамыр 2020 ж. 727 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930