» » Жазғы мал жайылымын ұйымдастыру жұмысы жүргізілуде

Жазғы мал жайылымын ұйымдастыру жұмысы жүргізілуде

ЖОСАЛЫ, 13 мамыр – qarmaqshy-tany.kz Жосалы кентінде жазғы мал жайылымын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты кент тұрғындарынан көктем мезгілінен қысқы мезгілге дейінгі аралықта жеке меншіктерініздегі малдарыңызды падаға (бақташы қарауына) қосуларыңызды сұраймыз, деп хабарлайды Жосалы кентінің әкімдігі. 
Малдарыңызды падаға қосу арқылы қоғамдық орындарда, магистральді трасса жолдарында автокөліктерге кедергі келтірмес үшін және кент тазалығын сақтауға, жасыл екпелерге (көше талдары, өсіп тұрған гүлдер, егілген бақша өнімдері) зиян келтірмеуге, сондай-ақ мал ұрлығын болдырмаудың алдын аласыз. 
Жайылым 4 бағыттық аймақ бойынша бөлінген: 
1-аймақ бойынша, №121 мектептің учаскелік аймақтары бойынша Мырзағалиева, Б.Момышұлы, Көшербаев, Абай, Ораз ахун, Қармақшы, Алтынсарин, Сәтбаев, Тоғанас батыр, Мұратбаев, Жолдыбаев (учаскелік аймақтар бойынша) мал жиналу орны Б.Момышұлы көшесінің бас жағы Бақташы: Жүргенбаев Кеңшілік байланыс номері: 87715119686. (2-аймақ қосымша хабарланады)
3-аймақ бойынша, М.Шохай, Жаназаров, Қазантаев, Балқы базар, Томанов, Марал баба, Б.Қайырбекұлы, Қ.Наметша, Бәйтерек, Жангелдин, М.Мамедова, Жомартов, Достық, Қабылан батыр көшесі. (учаскелік аймақтар бойынша) Мал жиналу орны Томанов пен М.Шохай қиылысы «Жандос» дүкені. Бақташы: Жүнісов Орынбай байланыс номері: 87055638705.
4-аймақ бойынша, Аэропорт учаскелік аймақтары бойынша Тайшық би, Сәрке батыр, Накипов, Жастар, Қалқай ишан, Әуезов, Сейфуллин, Айсауытов, Жамбыл, Есқараев, Мөлтек ықшам ауданы (учаскелік аймақтар бойынша) мал жиналу орны «Жосалы-Жалағаш» тас жолы және Мүсірбаев Әуезов қиылысы Бақташы: Қожахметов Ғанибек байланыс номері: 87058129368. 
Сонымен қатар кент орталығындағы көшелерде қараусыз жүрген малдар көше тазалығын (мал қиы) ластап келеді. Жеке малдары бар кент тұрғындары, аула алдын күнделікті тазалық жұмыстарын жүргізіп мал қиынан тазартып отыруларыңызды сұраймыз. Егер тазалық сақтамау әрекеттері анықталса ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 432-2 бапта көрсетілгендей «Ортақ пайдаланатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарды ластау» бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Осы әрекеттер бір жыл ішінде қайталанатын болса он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатын болады. 
Жеке сектор тұрғындары, егерде сіздің жеке меншік малыңыз падаға қосылмай жеке қараусыз жайылып жүрген болса Жосалы кенті әкімі аппараты КММ арқылы жұмысшы тобымен рейдтік жұмыстар ұйымдастырып малдардың егелерін анықтау арқылы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тиісті шаралар көріліп, айыппұл салынатындығы ескертіледі.

13 мамыр 2020 ж. 897 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 261

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 360

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930