Құрылтай
» » Шымкентте коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Шымкентте коронавирустан тағы бір адам көз жұмды

Қазақстанда коронавирустан 32-ші адам қайтыс болды, деп хабарлады Спутник Жаңалықтары.


"1955 жылғы азаматша Шымкент қаласы, Қаратау ауданының тұрғыны коронавирус індетінен көз жұмды. 65 жастағы әйел 2 мамыр күні жедел-респираторлы вирустық инфекция диагнозымен жедел жәрдем қызметі арқылы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген. Науқастан зертханалық сынамасы алынып, зерттеу қорытындысы COVID-19 теріс нәтиже берді", - деп жазылған ақпаратта.

6 мамыр күні жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған. Қайта диагностикалық зерттеу қорытындысы жүргізіліп, COVID-19 диагнозы расталды. Науқаста өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, 3-ші дәрежелі артериалдық гипертензия, семіздік ауруының екінші дәрежесі, созылмалы калькулезді холецистит, созылмалы панкреатит болған.

Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, 11 мамыр күні, сағат 11:55-те науқас қайтыс болды.

Бұл - Шымкент қаласында тіркелген алтыншы жағдай. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматыда - 9, Ақмола облысында - 4, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында -1, Қарағанды облысында - 3, Қостанай облысында - 1, Маңғыстау облысында -1, Павлодар облысында -2, Маңғыстау облысында бір адам көз жұмған болатын.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, елде 5 160 адамда коронавирус расталды. 2 020 адам індеттен айықты.


11 мамыр 2020 ж. 692 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (10520)

14 шілде 2026 ж.

№51 (10519)

09 шілде 2026 ж.

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 462
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 961

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031