Құрылтай
» » Өзбекстан Мақтааралға 209 маман, 169 техника жіберді

Өзбекстан Мақтааралға 209 маман, 169 техника жіберді


Өзбекстан Қазақстанға Сардоба су қоймасындағы бөгеттің жарылуынан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 209 маман мен 169 техника жіберді, деп хабарлайды
Kyzylorda-news.kz.
Президенттің кеңесшісі Тұрсынхан Құдайбергенов бастаған Өзбекстан делегациясы төтенше жағдайды жою бойынша қажетті шараларды анықтау үшін Қазақстанның Түркістан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен аудандарды аралады.
Су тасқынының алдын алу үшін Қазақстанға көрші мемлекеттің Төтенше жағдайлар министрлігінің 209 маманы және 169 бірлік ауылшаруашылық, инженерлік және өрт-құтқару техникасы жіберілген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанмен шекаралас Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Сардоба су қоймасынан бөгеттің жарылуына байланысты төрт ауыл су астында қалғандығы туралы хабарлаған едік. Бірнеше мың тұрғын эвакуацияланды.
08 мамыр 2020 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 590
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31