» » Жасы 85-тен асқан ардагерлер пойызбен тегін жүретін болады

Жасы 85-тен асқан ардагерлер пойызбен тегін жүретін болады


1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері пойызбен тегін жол жүру құқығын алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Samruk-Kazyna Trust қорының хабарлауынша, ардагерлер акцияны карантин режимі жойылғаннан кейін пайдалана алады.

"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін және 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туған ардагерлерді Қазақстан мен ТМД елдері бойынша тегін теміржол қатынасымен қамтамасыз ету жалғасады", – делінген баспасөз хабарламасында.

Билет алу үшін теміржол кассаларына жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы немесе Ұлы Отан соғысының қатысушысы не болмаса мүгедегі куәлігі, ал тыл еңбеккерлері – арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы жазбасы бар зейнетақы куәлігімен баруы керек.

Бүгінгі таңда "Жеңіс" әлеуметтік және қайырымдылық жобасы аясында Қазақстанның 35 қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының 640 ардагері мен тыл еңбеккеріне қажетті тауарлар жеткізілді.

Әсіресе, жалғыз тұратын немесе денсаулығы мен әлеуметтік мәртебесіне байланысты көмекке мұқтаж адамдарға ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, карантин жағдайында барлық қорғаныс шаралары сақталды. Көмекке жұмылдырылған 200-ге жуық ерікті байланыссыз жеткізуде қашықтықты сақтап, медициналық маскалар мен қолғаптарды пайдаланды.


08 мамыр 2020 ж. 774 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 598
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031