» » Қызылорда облысында коронавируске қатысты ахуал қандай?

Қызылорда облысында коронавируске қатысты ахуал қандай?

Коронавирус инфекциясына қатысты Қызылорда облысындағы ахуал жөнінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Соңғы тәулікте 5 адамнан қатерлі індет нақтыланды. Олардың 1-еуі скринингтен анықталса, 4-еуі коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған азаматтар. Соңғы тәулікте барлығы 553 зертханалық сынама алынса, оның 543 сынамасы теріс мәнді болды. 5 сынама оң нәтиже көрсетсе, 5-еуі зерттелу үстінде. Қалдық тест - 5000», – деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған 3242 азамат анықталды. Оның ішінде, 1746-сы жақын қарым-қатынаста, 1496-сы жанама байланыста болған.

«Жалпы 22 сәуірден бері қарай COVID-19 инфекциясы 73 науқастан анықталды. Оның ішінде 12-сі медицина қызметкері болса, 43-і қарым-қатынас арқылы жұқтырғандар, 7-еуі вахталық жұмыстан келгендер арасынан, 3-еуі блокпостта тексеру барысында анықталды. Сондай-ақ, 5 науқас медицина ұйымдарындағы фильтр кабинеттерінен тұмау, пневмония белгілерімен шағымданған азаматтар қатарынан болса, 1-еуі Ресейден келген студент. Жабық мекемелерді скринингілеу барысында 2 науқас белгілі болды. Соңғы 15 күннің статистикасына қарағанда, вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Сондықтан тұрғындарды оқшауланып, шектеу шараларына мұқият болуға шақырамыз», - деді басқарма басшысы.



06 мамыр 2020 ж. 677 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 190

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 307

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930